• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2019

Алматыда жаңа мектептер мен балабақшалар салынады

624 рет
көрсетілді

Алматыда жыл басынан бері жиналған үнемі есебінен халықтың аз қамтылған тобының әлеуметтік қажеттіліктеріне, мектептер мен бала бақшалар салуға, денсаулық сақтау мен қауіпсіздікке, сонымен қатар абаттандыруға жергілікті бюджеттен қосымша 13,8 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қосымша 2,5 млрд теңге бөлініп, негізсіз жобаларды қаржыландыруды оңтайландыру есебінен қалалық «Бақытты отбасы» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыруға 3,1 млрд теңге жұмсалатын болады.

Наурызбай және Әуезов аудандарында қарттарды қолдау бойынша екі орталық, Медеу ауданында ауытқушылығы бар мүгедек балалар емделетін күндізгі бөлім және Түрксіб ауданында психоневрологиялық сырқатқа ұшыраған жандарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 360 орынды Орталық ашуға қаржы бөлінді.

Білім беруде жаңа нысандар салу есебінен қазіргі кезде мектептерде орындардың жетіспеушілігі 20%-ға, бала бақшаларда 14%-ға азайды. Дегенмен, қала тұрғындарының саны жыл сайын орта есеппен  50 мың адамға, оқушылар саны 10-12 мыңға, мектеп жасына дейінгілер қатары 5-7 мыңға өсуде. Нәтижесінде кейбір мектептерде оқушылар саны артып кеткен. Мамыр-5,6 ықшам аудандарында 1200 орынды екі мектеп, Нұршашқан поселкесінде 600 орынды мектеп, Ақсай-3а ықшам ауданында 225 орынды, ал Думан-1 елді мекенінде 850 орынды қосалқы нысандар салуға республикалық бюджеттен 3,3 млрд теңге бөлінді. Жас қанат, Алғабас ықшам аудандары мен Бостандық ауданында салынып жатқан үш бала бақша құрылыстарын аяқтау үшін жергілікті бюджеттен 212,6 млн теңге жұмсалатын болады.

Бүкіләлемдік банктің бизнесті жеңіл жүргізу рейтингі бойынша Алматы еліміз бойынша бірінші орында тұр, ШОБ үлесі алғаш рет экономикада 42%-ға және салықта 64%-ға өсті. Сонымен қатар, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында бизнес үшін несиенің мөлшерін субсидиялауға бөлінетін 4 млрд теңгеден өзге Алматыда қосымша тағы да 1,9 млрд теңге бөлінеді.  Жастар жылы аясында кәсіпкерлікті дамытуға, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға арналған «Жастар - ел тірегі» әлеуметтік жобасы қол алынды.  Алматы мемлекеттік колледжінің сервисі мен технологиясын, киім тігуді конструкциялау мен оның көркемдік графикасын жақсарту, тігін шеберханаларын толық қайта жабдықтау, кеңселерді көркем моделдеу мен шаштараз өнеріне баулу, оның ішінде инклюзивті білім беру үшін 100 млн теңге бөлінді.