• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Қаңтар, 2013

Экологиялық таза пакеттер

695 рет
көрсетілді

Экологиялық таза пакеттер

Өркениетті елдерде эконо­ми­каның басым бөлігін ша­ғын және орта бизнес құрай­ды. Соңғы жылдары біздің елімізде де кәсіпкерлікті да­мытуға байланысты «Сы­ба­ға», «Бизнестің жол картасы-2020» сияқ­ты түрлі мем­лекеттік  бағдар­ламалар қа­был­данып, тұрақты қолдау көр­сетіліп келеді. Өз ісіңді аш та, ұтырын тауып, жұмыс іс­тей білсең болғаны, шаруаң жүреді. Өзіңе де, өзге­лерге де пайдалы.  «Даму» кәсіпкер­лік­ті дамыту қоры» АҚ-тың қар­жылай және инфра­­құрылым­дық қолдауының нә­тижесінде өз ісін тиянақты жүргізіп отыр­­ған  «Поливест» ЖШС Қазақстанның батыс өңірін­де­гі полиэтилен пакет­те­рін шы­ғарумен  айналысатын бірден-бір өндіріс орны.   Бұл кәсіп­орын табиғи ортада биология­лық жолмен ыдырайтын, яғни шіріндіге айналып кететін пакеттер шығаратын санаулы өндіріс орындарының бірі. Төрт жылдан бері жеті түрлі полиэтилен пакеттерін шы­ғарумен айналысатын кә­сіп­орын негізінен Ақтөбедегі «Ди­на», «Олжа», «Анвар» се­кілді супермаркеттердің, Атырау, Батыс Қазақстан облыс­тарындағы ірі сауда орында­ры­ның, жеке тұтынушы­лар­дың тапсырыстары бойынша жұмыс істейді.

Серіктестік жылына шамамен 60 тоннадай пакет шыға­рады. Мамандардың айтуынша, Ақтөбеде жыл сайын 150-200 тоннадай полиэтилен па­кеттері пайдаланылады. Бұл кәсіпорын шығаратын өнім­дер жергілікті рыноктың тек 15-20 пайызын ғана жабады деген сөз. Бір сөзбен айтқан­да, бұл өнімге әзірге сұраныс бар. Қалғаны Қытайдан әкелі­нетін көрінеді. Рас, бұлардың сапасы бірдей. Бірақ қытай­лықтар пакеттерге табиғи ортада тез ыдырататын қоспа қоспайды. Себебі, бұл өте қым­бат тұратын технология. Соған қарамастан серіктестік бірыңғай пайда табуды ғана мақсат тұтпай, экологиялық та­залықты  сақтауға да мән бе­ріп отыр. Серіктестік  директоры Бауыржан Жүсіпов мұны әріптестері арасындағы өздерінің артықшылығы ре­тінде алға тарта сөйледі. Шынында да, полиэтилен пакет­тердің жылдар бойы ыдырамай ауаға зиянды заттар шы­ға­ратыны Батыста әлдеқашан әңгіме өзегіне айналып жүр. Бізді кәсіпкердің бірден осы экологияға мән бергені сүй­сінтті.

Мұнда пакет жасайтын ши­­кізат негізінен Ресей, Корея, Сауд Арабиясынан, ал оларды тез ыдырататын қоспа Англиядан, Швециядан жет­кізіледі. Алдағы жылы Аты­рау­да полиэтилен шығаратын өндіріс орны пайдалануға бе­ріледі деп күтілуде. Бұл да серіктестіктің болашағын үміт­ті ете түседі. Себебі, ши­кізатты жақын жерден алу өнімнің өзіндік құнын арзан­датпақ.  Бауыржан Жүсіпов­тың мәлімдеуінше, жалпы, полиэтилен әлемдік рынокта бир­жалық тауар болып есеп­телетін көрінеді. Яғни бұл өнімге әлі де сұраныс болады деген сөз.

– Рас, Алматы, Ақтау, тағы  кейбір қалаларда супермаркеттерде пакеттерді тегін бе­реді. Бұл бір жағынан тұты­нушыларды тартудың бір жолы болғанымен, дұрыс емес деп ойлаймын. Экологиялық тұрғыдан қарағанда пакет­тер­ді сату керек. Сатып алған нәрсенің құны болады, оны адам әр жерге лақтыра бер­мейді. Тегін алса, текке тастай береді. Кей елдерде мұндай полиэтилен пакеттер өндірі­сіне тыйым салды. Бізде де сондай ұсыныстар болды. Бұдан біз базардағы бұл өнім­нің орнын Қытайдан келетін зиянды пакеттерге  босатып бергеннен басқа ештеңе ұт­паймыз. Керісінше, бұл пакет­терді табиғи ортада тез ыдырататын қоспа қосу арқылы өндіруге, осындай өндіріс­терді қолдауға бар күшті салу керек. Біз өнімдерімізді Ан­глия­ға жіберіп, арнайы сараптамадан өткізіп, сертификат ал­дық. Біздің өнімдер бір жыл­дың ішінде шіріп кетеді, – дейді Б.Жүсіпов.

Аталған серіктестік бұл жетістікке «Даму» қорының қаржыландыру бағдарлама­ла­ры ұсынып отырған жеңілдік­тер арқылы жетіп отыр. 2008 жылы ЖШС сол уақытта стан­­дартты болып есептелген жылдық сыйақы мөлшерле­месі 23 пайызбен несиеге полиэтилен пакеттері өндірісі желісін сатып алып, орнатты. Кәсіпорын 2010 жылы  «Даму» қорының лизингтік мә­мілелерді қаржыландыру бағ­дарламасының арқасында «Те­мірлизинг»  АҚ арқылы тағы да полиэтилен пакеттер технологиясын  сатып алып, өндіріс желісін кеңейтті, өнім өндіру көлемін арттырды. Лизинг сомасы – жылдық сыйақы мөл­шерлемесі 8 пайызбен 73 млн. теңге.  Қазіргі уақытта несие­ні субсидиялауға қол жетіп отыр, яғни несиенің 7 пайызын мемлекет субсидиялайтын болса, 1 пайызын кәсіп­кердің өзі төлейді.

Келесі кезең – қолданыл­ған пакеттердің қалдығын қайта өңдеу. Ол үшін серік­тестік басшылығы қалада полиэтилен пакеттері үшін арнайы қоқыс салатын жәшіктер қоюды ойластыруда. Бұл да «Даму» қорының қолдауы арқасында жүзеге аспақ.   Жылына 200 тонна пакет қол­данылатын болса, 200 тонна пакет қалдығы шығады. Сон­дықтан  серіктестік тұтыну­шы­лардан пакеттің 1 келісін 30-35 теңгеден сатып аламыз деп алақанына түкіріп отыр. Осылайша, пайдаланылған па­­­кеттер айналаны ластап, кез  келген жерде жатпайды, екін­шіден, кәсіпорын үшін қайта­лама шикізат болады.

«Поливест» ЖШС-нің полиэтилен пакеттерін шығара­тын өндірістік желісінде 2008 жылы небәрі он төрт адам жұмыс істесе, қазір қырыққа жуық адам еңбек етеді. Ең­бек­ақылары да тәуір, мұнда еңбек етуге қолайлы жағдай да ту­ғы­зылған. Сондықтан да жұ­мысқа бір кірген адам екінші жерге ауысуға құлықты да емес.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.