Өткен демалыс күндері «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ-ның Алматы филиалы Алматы облысының полиция департаментімен бірлесіп көшпелі кеңес өткізді. Келелі кездесуде «Алматы–Өскемен» автожолының 287-615 шақырым аралағындағы «Талдықорған-Қалбатау» учаскесінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Кеңеске «CITIC Construction» мердігерлік компаниясының және техникалық қадағалау қызметтерінің басшылары қатысып, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскелерді аралады. Тексеру нәтижесі бойынша анықталған ескертулерді жою үшін бірқатар тапсырмалар берілді:
барлық учаскелердегі шұңқырларды жөндеуге дереу кірісу; айналмалы жолдардағы шаңды басу үшін су себуді және профильдеуді тұрақты негізде жүргізу; жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскенің бойына сигналдық жалаушалар мен жол белгілерінің қажетті санын орнату. Барлық уақытша белгілер сары түсті болуы тиіс; әрбір Лотта жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі инженер лауазымы штатын енгізу қажет; жұмыс барысында қызметкерлерде міндетті түрде арнайы киімнің және сигналдық кеудешелердің болуын қадағалау; түнде қауіпті учаскелерде жарық маяктарын міндетті түрде орнату; көлік ағынын бөлу үшін асфальт-бетонды жолдың үстіне уақытша жол таңбасын салуды қамтамасыз ету; жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау; ағымдағы жылдың 15-ші мамырына дейін автожол жабындысын жөндеу және оның бойында қажетті қауіпсіз белгілерін орнату жұмыстарын аяқтау қажет.Айта кетсек, «Алматы–Өскемен» автожолының осы бөлігінен былтыр 1,2 млн. отандық және шетелдік турист өткен. Алматы облысындағы Алакөл көлі туристік кластеріне енген. Ағымдағы жылы автожолдың осы бөлігі арқылы 1,5-1,8 млн. турист жүріп өтеді деп күтілуде.