• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2013

Құм Нарынның қара нары

566 рет
көрсетілді

Құм Нарынның қара нары

 

Жүктің ауырын нар ғана көтере алады. О бастан бар тіршілігі малмен байланысты болған халқымыз ауыр жүкті көтеруден тайсалмайтын,  еңбек десе құлшынып шыға ке­летін ұлдарын қара нарға теңес­тіреді. Мұндай теңеу екінің біріне айтыла бермейді. Бұл жоғары баға қандай істі болса да қолға алудан қаймықпайтын, әрі оны аяғына дейін жеткізіп тындыра алатын жі­гіттің жігітіне, азаматтың азаматына ғана қарата айтылады. Осы тұрғыда есімі Ақжайық өңіріне кеңінен танымал тұлға, республиканың ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қай­раткер, «Құрмет» орденінің иегері Есет Ғабдуллинді өзі туып-өскен құм Нарынның қара нары десек қателеспейміз.

 

Жүктің ауырын нар ғана көтере алады. О бастан бар тіршілігі малмен байланысты болған халқымыз ауыр жүкті көтеруден тайсалмайтын,  еңбек десе құлшынып шыға ке­летін ұлдарын қара нарға теңес­тіреді. Мұндай теңеу екінің біріне айтыла бермейді. Бұл жоғары баға қандай істі болса да қолға алудан қаймықпайтын, әрі оны аяғына дейін жеткізіп тындыра алатын жі­гіттің жігітіне, азаматтың азаматына ғана қарата айтылады. Осы тұрғыда есімі Ақжайық өңіріне кеңінен танымал тұлға, республиканың ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қай­раткер, «Құрмет» орденінің иегері Есет Ғабдуллинді өзі туып-өскен құм Нарынның қара нары десек қателеспейміз.

Ол кешегі социалистік кезеңде қалыптасқан еңбек дәстүрін бүгінгі нарықтық қоғамда жаңаша бір жолмен жалғастыра білген жан. Еңбек­тің көрігінде шыңдалған қайрат иесі. Сонау кеңестік шаруашылық құры­лы­мында ферма меңгерушісі, бөлімше басқарушысы делінген аты да, заты да дардай, ортаң қолдай қызметте болды.

Әділін айтқанда сол кезеңде Орал өңірінде бүгінгі кейіпкеріміздің алдына шыға қойған әріптесі жоқ шы­ғар-ау деген ой басым түсе береді. Мұндайда цифрға жүгінген артық­тық етпейді. Иә, сол жылдарда Есет Ғабдуллин басқаратын Құрманғазы кеңшарының үшінші бөлімшесінде 45 мың қой, 12 мың жылқы, 1500 түйе, 2 мың бас ірі қара болыпты. Бұл сол тұстағы кез келген ірі ша­руашылықтағы мал санынан асып тү­седі. Осы социалистік меншікті көзінің қарашығындай сақтауды мо­йынына алған, оны жоғалтпай, қо­ңын тү­сірмей ұстай білген ферма мең­­герушісі Есет Ғабдуллин еді.

Кейін елде жекешелендіру науқа­ны басталған кезде Есет ағаның үлесіне 11 сиыр, 22 жылқы, 36 қой жә­не төрт түйе тиіпті. Осындай ен­ші­сіне тиген үлес пен пайды ауыл­дың көптеген адамдары тегін дүние­дей көріп оңды-солды шашқаны, бір шыны «Рояль» деп аталатын спиртке немесе екі түйір кір сабынға  бір қойды ойланбастан бере салғаны, өкінішке орай, өтпелі кезеңнің бұл­тартпайтын шындығы. Кәнігі ауыл шаруашылығы өндірісінің шебері үлеске тиген малды шұғыл өз төлі есебінен өсіру қажеттігін тез тү­сінді. Әрі Нарын құмының табиғи- климаттық ерекшелігі, яғни шы­ғынды мейлінше аз жұмсай отырып, кірісті молырақ алуға болатыны  майталман өндірісшіні алдағы та­быс­ты күндерге жетелей түсті.

Ол аз уақыттың ішінде «Есет» шаруа қожалығын құрып, аяғынан тік тұрғыза білді. Сонымен бірге, мал тұқымын асылдандыру мен ветери­нарлық сауықтыру шаралары да қоса атқарыла бастады. Сөйтіп, мал саны күрт өсіп, бір ауданның ау­мағы тарлық ете бастағандай болған соң жеке меншіктегі үлкен шаруа­шы­лықты екі бөліп жүргізу қажеттігі туындады. Мұндайда не істеу керекті­гін ауыл шаруашылығы өндірісінің тарланы тез түйсінді. Қос ұлы – қос қанатына жауапты жүк артқаны осын­дай ойдан туындап еді.

Үлкен ұлы Исатай кір жуып, кіндік кескен атамекенде, Нарын құмында мыңғырып өскен малға иелік етіп қала беруі орынды деп табылды. Ал шаруа қожалығының екін­ші бөлігін кенже ұлы Амантайға тапсырды. Ол облыс орталығына таяу орналасқан Көшім ауылы аума­ғынан жер алып, әке үміті мен аманатын ақтау үшін іске бел шеше кірісті.

Әрине, бүгінгі мал өсіру ісінің  ежелгі ата-баба дәстүрінен түбегейлі өзгешелігі бар. Қазіргі жағдайда ғы­лыми негіздер мен жаңа техно­ло­гияларға иек арта алмаған, оған жатсына қараған меншік иелері алысқа бара алмайды. Мұндағы басты мақ­сат – өнімді ұқсатуға бағдар ұстай білу. Халықтың күнделікті сұраны­сы­на ие өнімдер өндіру. Тек сонда ғана елдегі мал өсірушілердің бағы жанып, ұпайлары түгелдене түспек.

«Есет» шаруа қожалығында қы­мыз бен шұбат шығару зауыты осын­дай өміршең ойдан бастау алған еді. Қазір мұндағы бәсекеге қабілетті өнімге сұраныс берушілер қатары жылдан жылға арта түсуде. Тіпті таяу және алыс шетелдердің өзінен сұ­раныс беріп отырғандар да бар. Зауы­т конвейерінен тұтыну орындарына жол тартатын халықтық сусындар қошқар мүйіз ою пішіндес арнайы пластмасса ыдыстарға құйы­лып ұсы­нылады. Сонымен бірге, өнім өндіруші мен мемлекеттік сатып алушылар арасындағы келісім-шарт­тарға сәйкес, «Есет» шаруа қо­жа­лығы өз өнімдерімен облыс­тағы әлеу­меттік, емдеу-сауықтыру меке­мелерін, өкпе ауруларын емдейтін санаторийлер мен ауруханаларды осы сипаттағы «Ивуша балалар» профилакторийін қамтиды.

Қымыздың емдік қасиетін бүгін­де әлемнің бірқатар өркениетті елде­рі танып мойындай бастады. Мо­йын­дап қана қоймай, оны өнер­кә­сіптік негізде өндіруге кірісті. Со­ның бірі – Алмания. Бұл мемлекет ежелден қазақ халқына тән болып келген қымыз өндірісін бейнебір өз­дері тауып, бар қасиетін өздері аш­қандай кейіп танытып отыр. Осылайша, қымыз өндірісі жөніндегі брэнд пен әлемдік патентті де өздері иемденіп кететіндей көрінеді. Менің бұған таласым бар. Қалай десеңіз де қазақ­тың кең даласы мен жазира жайлауында еркін жайылған жыл­қының еті мен қымызына, оның са­палық қа­сие­тіне бірде-бір ел жете алмайды. Мұндай артықшылық пен өзгешелік  тек Қазақстан жағдайын­да ғана мүмкін болып отыр. Мұны бүгінде қымыз өндірісіне бет бұрған өрке­ниетті мемлекеттер ғалымдары да мойындайды,  деп ой-пікір тиегін ағытты бізбен әңгімесінде Есет аға.

Иә, еңбек майталманы бұл пікі­рін тектен-тек айтпағанына, оның қолында әлемдік қымыз өндірісі жөніндегі сараптамалар мен талдаулар бар екенін көргенде көзіміз одан әрі жете түсті. Бұл тек интернет жүйесінен алынған деректер емес екен. Аталған мәселеде «Есет» агро­құрылымының менеджері, Саратов зооинженерлік институтының түле­гі, үлкен қызы Айгүлдің жина­ған ақпараттары да мол болып шықты. Иә, бүгінгі заман ұшқыр ақпараттар заманы. Оның ағымынан кейін қа­лып қойсаң,  көп нәрседен ұтылға­ның. Осындайда әлемдік сұранысқа сай өнім өндіруге бастамашы болып отырған жетпіс үш жастағы Есет ағаның көрегендігі мен біліктілігіне, алымдылығы мен шалымдылығына таңғалмай, тәнті болмай көріңіз.

Бұдан кейінгі кезеңде Ес-ағаң  еңбек ету жөніндегі ойларын ортаға тастады. Елбасымыз Нұрсұлтан На­зарбаевтың еңбек қоғамына жиырма қадам жөніндегі бағдарламалық ма­қа­ла­сы­мен мұқият танысып шық­тым. Мемлекет басшысы айтқандай, біздің қазақстандық қоғамды тек ақадал еңбек қана алға алып шыға алады. Еңбек етпегеннің  өрісі қысқа дейді ол. Есет Ғабдуллин – құр ақылгөйлік пен құрғақ демагогия­ның адамы емес. Жақсы – ісімен жақсы дегендей, ол өзінің еңбек жө­ніндегі қағидаттарын құрғақ сөзбен емес, нақты ісімен дәлелдей білген қажымас қайрат иесі. Жетпістен ас­қан шағында да қазақстандық қо­ғамның өркендеуіне өз үлесін қо­сып, жиырма бестегі жігіттей күш-қайрат жұмсап келе жатқан қа­зақтың қажымас қара нары.

Біз таяуда қысқа әзірлік қамымен Бекетай құмының етегінде үлкен баласы Исатайға ақыл-кеңесін беріп қана қоймай, іске тікелей араласып жүрген Есет ағамен тағы да кездес­тік. Амандық-саулықтан соң ол кісі бізді үйден дәм ауыз тиіп шығуға шақырды. Ешкім де дәмнен, қазақ­тың қасиетті дастарқанынан үлкен емес. Аға тілегін қайтара алмадық. Мұның алдында Ақсарай ауылы аумағынан он шақырым қашықтық­тағы кең жазықтықтан 500 бас ірі қара мен 500 бас жылқыға арналған бүгінгі заманғы мал семірту кешені құрылысын салып аяқтаған облыс­тағы ірі меншік иесінің күш-қай­ратына таңданыс білдіргенбіз.

Қараңыз, айдала, айнала бәрі шеті мен шегі жоқ бұйрат құм. Сөй­тіп келе жатқанда көздің жауын алатындай ғажайып кешенге тап боласыз. Бей­небір ертегі секілді. Жоқ, бұл ертегі емес, еңбек десе ішкен асын жерге қоятын қазақтың қайсар ұлының былтыр аяқтаған ісінің нәти­жесі екен. Әлемдік озық техно­логия­ның үлгісін де осы жерден таба аласыз. Малға қажетті су да,  жем де бү­гінгі инновация жетістіктерінің шал­­ғай ауылға жеткенін айғақтап тұр.

Сонымен бірге, өзі туып-өскен Бөрлі ауылы маңынан Есет Ғабдул­лин ағамыз кірсе шыққысыз ақшаң­қан үй тұрғызыпты. Мұндағы тұр­мыс­тық жағдай қаладағыдан артық болмаса, бір де кем емес екен. Адам жанына не керектің бәрі де табылады.

«Ес-аға, осындай үлкен үй салу қандай қажеттіліктен туды», дедік біз үйдің сыртқы көрінісі мен ішкі интерьеріне таңғалғанымызды жасыра алмаған күйімізде.

«Халқымыздың тұрмыс дағды­сын­да қара шаңырақ деген ұғым бар. Қасиетті де қасіретті Нарын – бәріміздің атамекеніміз. Біз оған кіндігімізбен байланып қалғанбыз. Ғабдуллиндер әулетінің бүгінгі ақса­қалы өзім болғандықтан өзімнен та­раған ұрпақ атамекен мен қара­шаңырақтың қадір-қасиетін біле жүрсін, ұмытпасын, онымен хабарын үзбесін деген ниетпен тұрғыз­дым, бұл кең сарайды. Бұл асып-тасу да, бәсеке де, қолда бар қара­жатты қайда жұмсауды білмегендік те емес. Тек туған жерге деген тартылыс күшін тереңдетуден туған әкелік, аталық ой ғана. Бұл ісімді зайыбым Ұмсынғаным екеумізден өр­біген ұрпақтарымыз да дұрыс түсін­гені мерейімізді өсіріп, көңілімізді тасытады», деп жауап қайтарды бұл сауалға құм Нарынның қара нары Есет Ғабдуллин.

Ұмсынғаным жеңгеміз де бақы­тын еңбектен тапқан қазақтың алтын құрсақ аналарының бірі екенін қа­лайша айтпай кете аламыз. Ол ең­бек жолын тракторшылықтан бас­тап­ты. Иә, сол бір жылдарда. «Таң бі­­­­ліне бір сұлу қыз тракторға отырды…» деп бас­талатын бір ән бар еді-ау. Бүгінде ретроға айналған бұл тамаша әуен әлі күнге дейін сыры да, сыны да кетпеген Ұмсынғаным жең­гемізге ар­налғандай көрінеді.

Иә, еңбегімен еленген мұндай жандар қандай құрметке де лайықты болса керек.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Батыс Қазақстан облысы,

Бөкей ордасы ауданы.

Суретте:

«Есет» шаруа қожалығының жетекшісі Есет Ғабдуллин.