• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2019

Қаржы вице-министрі Шымкенттегі бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты

599 рет
көрсетілді

ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев Шымкент қаласына іс-сапары барысында бірқатар іс-шараларға қатысып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен (СЭҚҚ) кездесу өткізді.

Жиын барысында экспорт-импорт операциялары бойынша «Бірыңғай терезе» порталының функционалы мен мүмкіндіктері көрсетілді. Сондай-ақ,  ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері арқылы берілетін мемлекеттік қызметтер мәселесі талқыланды. Сапар барысында Руслан Сатбекұлы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты.  Аталған орталық наурыз айында түсіндіру жұмыстары басқармасының негізінде ашылған. Аталған орталықта 4 байланыс телефоны мен «сенім телефоны» жұмыс істеп тұр.

«Мұнда келіп түскен сұраулар мен оларға берілген жауаптары арнайы электронды жазба құралы арқылы жазылады. Сонымен қатар, салық төлеушілер департаменттің ресми сайтында көрсетілген нөмір бойынша «WhatsApp» месенджері арқылы да түсіндірулерді алады. Бүгінгі таңда аталған орталыққа  230 сұрақ түсіп, оларға толық жауап берілген», депйді Шымкент қаласы бойынша кірістер департаментінің басшысы Нұралхан Көшеров.

Нұр-Сұлтаннан келген арнайы  жұмыс тобы Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызмет көрсету орталығында болып, орталықтағы мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің жұмыс барысын көріп шықты.  Жиынға қатысушылар жеке тұлғалардың көлік салықтары бойынша деректеріне сәйкестендіру жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шараларды жан-жақты қарастырып, мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің бірқатар ұсыныстарын тыңдады.

Вице-министр іс-сапар барысында «Шымкент кедендік рәсімдеу орталығын» және «Қазығұрт» кеден бекетіндегі «Астана-1» ақпараттық жүйесі жұмысымен танысты.