• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2013

Шерлі шежіре шындығы

260 рет
көрсетілді

Шерлі шежіре шындығы

Жуырда, Санкт-Петербургте Ленинградтың жау қоршауынан құтылғандығының 69 жылдығы аталып өтті. Біз 900 күн бойы қоршауда тұрған Ленинград тұрғындарының қаншалықты қиын ғұмыр кешкенін жақсы білеміз. Күніне 125 грамнан ғана нан алып тұрған шаһар халқының біраз бөлігі аштан бұралып, өліп қалғанын да құлағымыздың құрышы қанғанша естідік, оқыдық, кинолардан көрдік.

 

Жуырда, Санкт-Петербургте Ленинградтың жау қоршауынан құтылғандығының 69 жылдығы аталып өтті. Біз 900 күн бойы қоршауда тұрған Ленинград тұрғындарының қаншалықты қиын ғұмыр кешкенін жақсы білеміз. Күніне 125 грамнан ғана нан алып тұрған шаһар халқының біраз бөлігі аштан бұралып, өліп қалғанын да құлағымыздың құрышы қанғанша естідік, оқыдық, кинолардан көрдік.Қазақстандықтар қолдарынан келгенінше қор­шау­­­дағы Ленин қаласына көмек көрсетті. «Ле­нин­градтық өренім!» деп Жамбыл бабамыз өзінің құдіретті жырларының рухымен бір қолдаса, өзі аш-жалаңаш жүрген халқымыз «Бәрі де майдан үшін!» деген бұйрық болған соң, қолдағысының бәрін майданға, соның ішінде Ленинградқа жіберіп жатты.

Сол жылдарда бір сиыр ұстаған адам 10 кило май тапсыруы керек екен. Арық сиырдың сұйық сүтінен соншалықты май алу да қиын, бірақ ағасы майданда жүрген менің 13 жасар енем өгей шешесімен екеуі үш інісінің аузынан жырып сол майды тірнектеп, жылап жүріп жинапты. Ең қиыны, қандыауыз өкімет майды өзі де жинап әкетпейді. Оны тағы 30 шақырым жердегі орыс қаласына (біздің жақ орыс деревняларының бәрін «қала» дейді) жаяулап-жалпылап апарып тапсырып, қағазын ауылсоветке өткізіп қана міндеттен құтылатын көрінесің. Әйтпесе, сиырды айдап әкетеді. Ал сиырды әкетсе аштан өлетінің хақ. Аштан өліп жатқандар да жетерлік болатын. Бірақ оларды «аштан өлді» деп айтқызбаған. «Бұл майды бізден тартып алып кімге бересің, өзіміз де аш отыр емеспіз бе?» деп дау айту ешкімнің ойына келмейді. Дымыңды шығарсаң болды, «шолақ белсенділер» «халық жауы» етіп, тап беруден тайынбайды.

Осы сұмдықтарды еске алып отырған себебіміз – Ленинград қоршауының бұзылғанына 69 жыл толған шаралардан туындап отыр. Елдің барлық түкпіріндегі халық осылай аштықтан, аурудан қынадай қырылып жатқанда майға шылқып жүрген адамдар да болған екен-ау. Жо, жоқ олар біреудікін тартып немесе ұрлап жеп жүрген қылмыскерлер емес, бәрін де «заңды жолмен» алып жатқан қызметкерлер екен. Және олар басқа жерде де емес, әлгі қоршауда қалып, халқының еңірегенде етегі жасқа толып жатқан Ленинградта болыпты.

REGNUM ақпараттық агенттігінің айтуына қарағанда, журналистерге ұсынылған жинақтарда блокаданың бұрын жарық көрген және басылуға да­йын тұрған толық материалдары көрсетіліпті. Соның ішінде, жуырда ғана, яғни 2013 жылдың басында жарық көрген беларустің белгілі жазушысы Алесь Адамович пен орыс жазушысы Даниил Граниннің және басқалардың еңбектері енгізілген «Блокадная книга» да бар екен. Бұл еңбектің дайындалғанына көп болса да түрлі себептермен, соның ішінде сол кездегі Компартия бастаған өкіметтің халыққа жасаған әділетсіздіктері, қысастығы, ашық зорлығы, жөнсіз-жолсыз қырғынға ұшыратқан қанды қасаптары туралы архивтік материалдар мол болғандықтан оның жарық көруіне әлі де өкіметтің пұшпағын ұстап жүрген коммунистер іштей, сырттай қарсы болып, аяқтан шалып келген екен. Соның ішінде қоршауда болған жылдарда халықтың каннибализмге жол бергені, 1949 жылғы болған жаппай аштық және «Ленинград ісі» деген атау алып, ғалымдар, дәрігерлер, инженерлер, қызметкерлерді жазалауды ғана мақсат еткен сотсыз ату фактілері де осы еңбекте үлкен орын алған. Жазаға ұшырағандардың бәрі де «блокадниктер» болыпты-ау. Аталған екі жазушының олардың сол кезде көзі тірілерімен әңгімелескені, кейіпкерлерінің күнделіктері мен суреттері – бәр-бәрі қатталып, жиналған екен.

Ал енді мына қызыққа қараңыз… Сол, халық аштан қырылып жатқан Ленинградта, 1941 жылдың желтоқсан айында ТАСС-тың фотосуретшісі Александр Михайлов арнаулы цехта, «литерлік қызмет көрсетілетіндер үшін» түрлі шоколадтар мен «ромдық әйел» (ромовая баба) атты жекелеген адамдар ғана қол жеткізген кондитерлік өнімдер және басқалар дайындалып жатқанын фотоға түсіріп алған. «Литерлік қызмет көрсетілетіндердің» кімдер екені белгілі, олар Компартия мен өкіметтің жергілікті басшылары. Бұдан халық бір тілім нанға зар болып жатқанда олар «ромдық әйел» мен шоколадты таңдап жегенін көреміз. Коммунистердің әділеттігін ауыздан тастамайтындар осы фактіге не дер екен?

Ол ол ма? Аталмыш жинақтың тарихшы Игорь Богданов жинаған материалдарының арасында «Спецснабжение» деген арнаулы тарау бар. Сонда былай делінген: «В архивных документах нет ни одного факта голодной смерти среди представителей райкомов, горкома, обкома ВКП(б). 17 декабря 1941 года Исполком Ленгорсовета разрешил Ленглавресторану отпускать ужин без продовольственных карточек секретарям райкомов коммунистической партии, председателям исполкомов райсоветов, их заместителям и секретарям исполкомов райсоветов». Демек, қоршаудағы қалада ресторан да болған екен-ау. Онда қызметі жоғарылар үшін тегін тамақ та беріліп тұрыпты. Енді Ленинград қалалық партия комитеті кадрлар бөлімінің нұсқаушысы Николай Рибковскийдің 1941 жылдың 9 желтоқсанында, яғни блокаданың нағыз қызған шағында (ол 1941 жылдың 8 қыркүйегінде басталып, 1944 жылдың 27 желтоқсанында бұзылды) өз күнделігіне жазғанына қараңыз: «С питанием теперь особой нужды не чувствую. Утром завтрак – макароны или лапша, или каша с маслом и два стакана сладкого чая. Днем обед – первое щи или суп, второе мясное каждый день. Вчера, например, я скушал на первое зеленые щи со сметаной, второе – котлету с вермишелью, а сегодня на первое суп с вермишелью, на второе свинина с тушеной капустой». Бұл қоршаудың не екенін де білмеген қазақ даласындағы халықтың сол кезде түсіне де кірмейтін тамақтар. Блокаданың басында бәрі де болған ғой, аштық кейін басталды емес пе деп күдік келтіретіндер үшін Н.Рибковскийдің 1942 жылдың 5 наурызында не жазғанын көрелік: «Вот уже три дня как я в стационаре горкома партии. По-моему, это просто-напросто семидневный дом отдыха и помещается он в одном из павильонов ныне закрытого дома отдыха партийного актива Ленинградской организации в Мельничном ручье…От вечернего мороза горят щеки… И вот с мороза, несколько усталый, с хмельком в голове от лесного аромата вваливаешься в дом, с теплыми, уютными комнатами, погружаешься в мягкое кресло, блаженно вытягиваешь ноги…Питание здесь словно в мирное время в хорошем доме отдыха. Каждый день мясное – баранина, ветчина, кура, гусь, индюшка, колбаса, рыбное – лещ, салака, корюшка, и жареная, и отварная, и заливная. Икра, балык, сыр, пирожки, какао, кофе, чай, триста грамм белого и столько же черного хлеба на день, тридцать грамм сливочного масла и ко всему этому по пятьдесят грамм виноградного вина, хорошего портвейна к обеду и ужину… Да. Такой отдых, в условиях фронта, длительной блокады города, возможен лишь у большевиков, лишь при Советской власти…Что же еще лучше? Едим, пьем, гуляем, спим или просто бездельничаем и слушаем патефон, обмениваясь шутками, забавляясь «козелком» в домино или в карты. И всего уплатив за путевки только 50 рублей!». Ал керек болса. Ұзағырақ болса да фактіні толық келтірдік және оны қазақшаламай, түпнұсқасын бергенді жөн көрдік. Автордың өзі таң қалады емес пе, «да, такой отдых… возможен лишь у большевиков, лишь при Советской власти» деп. Шынында да негізгі халық бір түйір нанға қол жеткізе алмай қырылып жатқанда, екіжүзді большевиктер ғана ешкімнен ұялмай, өз адамдарын осылай майға шылқытып қоятын шығар. Осының өзі-ақ оның шынайы бейнесін көрсетпей ме.

Әрине, мұндай сұмдықтарға сену қиын, бірақ елден сол соғыс жылдарында да ет, сары май, уылдырық, шұжық, қызыл балық, бал жиналды емес пе? Ешбір кинода, құжаттарда олардың қайда жұмсалғаны айтылмайды. Бәрін Сталин мен оның төңірегіндегілер ғана жеді деуге тағы сенбейсің. Сөйтсек, соның қызығын партноменклатура ғана көреді екен-ау. Майдандағы әскер мұндайдың иісін де білмейтін шығар. Міне, большевиктердің, Кеңес өкіметінің осындай да «әділеттіктері» болыпты.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан».