Айта кетерлігі, аталған жоба Қазақстанның барлық өңірлері мен қалаларында "Медицина жақын" атты акция өтуде.
Ауқымды акция барысында шымкенттік ақхалаттылар 23-30 сәуір аралығында қаланың шетіндегі шағынаудандарға барып, қабылдау жүргізеді.
Бүгін сағат 10:00 және 12:00 арасында дәрігерлер "Ақжар" шағынауданында невропатолог, кардиолог, окулист, эндокринолог, отоларинголог, маммолог/онколог, стоматолог мамандары тұрғындарды жолдамасыз қабылдап, медициналық тексеру жұмыстарын жүргізді.
Ертең, 24 сәуір күні сағ 10:00-12:00 арасында "Жаңаталап" шағынауданында дәрігерлерден құралған топ қабылдау жүргізеді. Бұл күні шағынаудандағы xалыққа невропатолог, кардиолог, окулист, эндокринолог, отоларинголог, маммолог/онколог, стоматолог мамандары медициналық қызмет көрсетеді.
25 сәуір сағ 10:00-12:00 арасында "Қайнарбұлақ"шағынауданында дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Дәрігерлерден құралған бригада құрамында невропатолог, кардиолог, окулист, эндокринолог, отоларинголог, маммолог/онколог, стоматолог мамандары бар.
26 сәуір күні сағат 10:00-12:00 арасында "Тоғыс" шағынауданында дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Дәрігерлерден құралған бригада құрамында невропатолог, кардиолог, окулист, эндокринолог, отоларинголог, маммолог/онколог, стоматолог мамандары бар.
29 сәуір күні сағат 10:00-12:00 аралығында "Пахтакор" шағынауданында дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Дәрігерлерден құралған бригада құрамында невропатолог, кардиолог, окулист, эндокринолог, отоларинголог, маммолог/онколог, стоматолог мамандары халықты жолдамасыз қабылдап, керекті кеңес береді.