• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Сәуір, 2019

FlyArystan компаниясы Airbus A320 лайнерін таныстырды

806 рет
көрсетілді

FlyArystan Алматы әуежайында журналистерге және споттерлерге өзінің алғашқы Airbus A320 лайнерін таныстырды.

Бастапқыда FlyArystan паркінде төрт Airbus A320 ұшағы болады деп жоспарлануда. Барлық лайнерлердің салоны тек 180 орынға арналған экономикалық класс. Ұшақ бортына былғары қаптамасы бар Recaro 3530 Slim жаңа креслолары орнатылған.

Айта кетейік, 2022 жылға қарай FlyArystan авиакомпаниясының әуе паркін 15 ұшаққа дейін кеңейту жоспарлануда.

Бұдан бұрын әуетасымалдаушы Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Қарағанды және Оралға билет сатуды бастады. Кейін Алматыдан Шымкент пен Павлодарға маршруттар ашылып, ауқымы кеңейтіледі.