Жарысты алғашқы болып бастаған еркін күрес шеберлері бірінші күні төрт жүлдеге иелік етті. 70 кило салмақтағы Нұрқожа Қайпанов барлық қарсыластарынан басым түсіп, финалда жапониялық Кожиро Шиганы 9:0 есебімен тас-талқанын шығарды. Осылайша, қандасымыз Азия чемпионы атанды.
65 кило салмақтағы Саятбек Оқасов ақтық сынға дейін алқынбай жеткенімен, шешуші тұста үндістандық Баджранг Баджрангқа есе жіберіп, күміс медальді иеленді. Ал Ғалымжан Өсербаев (79 кило) пен Ерғали Әлішер (97 кило) қола жүлдені мойындарына ілді.
Ертең тағы бірнеше салмақ дәрежелері бойынша бәсекелер өтеді. Одан кейін боз кілемге әйелдер мен күрес шеберлері шығады. Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионаты 28 сәуірде өз мәресіне жетеді.