«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің екпіні 25 м/с күшейетіні күтіледі. Жекелеген аумақтарда бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында тұман болжанады.
Павлодар облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 25 м/с артуы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, бұршақ күтіледі. Желдің күші 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман болжанады.