Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты «2019- ЖАСТАР ЖЫЛЫ» қаладағы орта білім беру ұйымдарының 15-16 жастағы оқушылары арасында қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық ойыны өтуде.
Алматы қаласындағы №1 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен басталған шараның мақсаты жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиеге баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қолданбалы спорт түрлерін насихаттау, ынтымақтастық пен достықты нығайту болып табылады.
«Жас ұлан» әскери-спорттық ойыны барысында жеткіншектер әскери қызметке дайындығын қөрсетеді. Ұйымдастырушылар мұндай жарыстардың мамандық таңдауға ықпалы зор екендігін айтады.