• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 25 Сәуір, 2019

Н.Нығматулин: Елбасының еуразиялық бастамасы шетелдік Парламент өкілдерінің қызығушылығын тудыруда

789 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен ағымдағы жылғы 23-24 қыркүйекте Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесіне дайындық пен өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті.

Парламент өкілдерінің алдағы кездесуі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясына 25 жыл толуына арналады. Елбасының еуразиялық бастамасы бүгінгі күні әлемдік деңгейде зор әлеуетке ие болып отырғанын айтқан Мәжіліс Төрағасы халықаралық парламентаралық қоғамдастық өзекті мәселелерді және Қазақстанның астанасында Еуразиялық кеңістіктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолдарын талқылауға ынталы екенін атап өтті.

Іс-шараға 70-тен астам елден делегациялар қатысады деп күтілуде.

Осыған орай, Ұйымдастыру комитетінің мүшелері маңызы зор саяси халықаралық оқиға саналатын алдағы парламенттік форумға дайындық мәселелерін қарады.