• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Сәуір, 2019

Алматыда ТКШ қатысты кездесу өтті

875 рет
көрсетілді

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша аудан әкімдерімен және ПИК өкілдерімен кездесу өтті.Кездесуде ТКШ мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Онда «Бір үй - бір бірлестік - бір шот» қағидаты бойынша «мүлік иелерінің бірлестігі» коммерциялық емес ұйымының жаңа формасын құру арқылы басқару органдарының қызметін реттеу мәселелері сөз болды.Ұсынылған принцип әрбір үйді басқарудың жеке тәсілін қарастырады. «Әрбір мүлік иелерінің бірлестігі жеке ағымдағы және жинақ шоттарын ашады.Бұл шара ПИК және басқарушы компаниялар тарапынан меншік иелеріне қызметтер мен тарифтерді таңдауды болдырмайды және тұрғындар қаражатының ашық жұмсалуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ өз басқару органдары арқылы немесе басқарушы компаниялар арқылы шарт негізінде тұрғындарға басқару тәсілін таңдау құқығын береді.Аталған заң жобасы аясында лифтілерге қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлғаларды аттестаттаудан өткізу мәселесі де қарастырылуда», - деді Қ. Өскенбаев. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің өзара қарым-қатынасын реттеуге жаңа түзетулер енгізуге, сондай-ақ жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын құру арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттырады.Бұл схемаға жергілікті атқарушы органдар да қатысады, олар басқару органының өтініші бойынша күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады, техникалық тексеру мен энергия аудитін жүргізеді. Басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыру үшін Заң жобасында барлық қатысушыларға бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ететін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ақпараттық жүйесін құру қарастырылуда. Ақпараттық жүйеде тұрғындар үй бойынша шығындар мен табыстарды бақылап,  есептеулер мен есептесудің дұрыстығын тексере алады.  Сонымен қатар, тұрғындардыңөз басқару органының қызметіне мониторинг жүргізіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өтініштер беруге мүмкідіктері болады. Бұдан бөлек, тұрғындар электронды дауыс бере алады және үйдің барлық мәселелері бойынша сыртта жүріп те қатысу мүмкіндігі туады. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің қызметіндегі заң бұзушылықтарды болдырмау үшін кооператив тек бір көп пәтерлі тұрғын үй үшін құрылатын схема ұсынады, кооператив мүшелерінің саны пәтерлердің санынан аспауы тиіс және құрылыс мемлекеттік тіркеуден кейін және жалға алу құқығындағы немесе меншік құқығындағы жер учаскесі болған соң жүзеге асырылатын болады. Заң жобасы аясында жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясын әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газбен жабдықтау объектілерінің қауіпсіз пайдаланылуын, сондай-ақ қауіпті техникалық құрылғыларды бақылау және қадағалау құзыреттіліктерін беру көзделген.