• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2013

Көңіл көңілден су ішеді

405 рет
көрсетілді

Көңіл көңілден су ішеді

Сәрсенбі, 9 қаңтар 2013 7:34

Өткен жылдың 19 жел­тоқ­санында Құдайкөл ауылының тұрғыны Нәскей Хавайдың отбасында оқыс оқиға орын алды. Сол түні ауыл шетінде тұратын азаматтың қорасындағы 20 тоннадан артық шөбі отқа оранды.Нәскей Хавай өткен жылы «Жұмыспен қамту – 2020» бағ­дар­ламасына қатысып несие ақшасына 12 бас мал сатып алған болатын. Желтоқсанның 19-нан 20-на қараған түні Нәскеймен көрші тұратын мектеп директоры от жағатын орынды қарау үшін үйінен шығып, кочегаркаға бет алған. Осы кезде көршісінің қорасынан шығып жатқан өртті көріп, дереу елді көмекке шақырады. Ауыл тұрғындары аяқтарынан тік тұрып, өртті сөндіруге бар күштерін салды. Өкінішке қарай, шөп түгелдей өртеніп кетті.

Есесіне қора-қопсы аман сақ­талып қалды. Көп кешікпей өрт сөндірушілер де келіп жетті. Әйт­се де, Хавайдың шөбі не себепті өртенгені әлі күнге дейін беймәлім. Ол қақ-соқпен жұмысы жоқ, біртоға азамат. Сондықтан әл­де­кімдер оның қорасына қастықпен от қойды деп айта алмаймын, – дейді ауыл әкімі Ақан Сейілжанов.Ақан Маратұлының айтуынша, ауыл халқы азаматтың басына түскен қайғыға ортақтасып, ортадан жылу жинаған. 104 отбасы 3 мың теңгеден ақшалай көмек берген. Осы елді мекендегі 3 шаруа қожалығы 6 тонна шөп жеткізіп берді. Ауыл әкімдігі кө­мек ретінде Павлодардағы ар­зандатылған жем-шөп дүкенінен 1 тонна мал азығын сатып әперді. Тағы бір жеке кәсіпкер хабарласып, зардап шегушіге жем-шөппен көмектесетінін айтыпты.Қиын-қыстау кезеңде қол ұшын беріп, сүйеу болған Құ­дай­­көл ауылдық әкімінің аппа­ратына, тұрғындарға деген ри­залығым шексіз. Маған жасаған жақсылықтары Алладан қайтсын! Шынымды айтсам, халықтың қам­қорлығының арқасында басыма түскен ауыртпалықты көтеріп кеттім. Елім аман болсын! – дейді қазір Нәскей Хавай тілдескенімізде толқи сөйлеп.Ауыл әкімі Ақан Маратұлы да, зардап шегуші Нәскей Хавай да малды қыстан аман алып шығатындықтарына сенімді. Лайым солай болғай!Дария ЕРТАЙҚЫЗЫ.Екібастұз.