Сенбі, 12 қаңтар 2013 7:49
Кенді Алтайда екі аптаға созылған ақшұнақ аязды ақтүтек боран алмастырды. Міне, бірнеше күннен бері қатты бораннан облыстың күрежолдары жабылып қалуда. Күн бірден жылып кеткен кезде биік таулардан қар көшкіні жүре бастады.Бейсенбіден жұмаға ауысар шақта қатты боран салдарынан облыстың көптеген жолдары жабылып қалды. «Өскемен-Зырян-Степное-Ушанов» күре жолында облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты құтқарушылар қар құрсауында қалып қойған 12 автокөлік пен 26 адамды облыс орталығына жеткізді.

Ресейдің Кемеров қаласынан шайбалы хоккейден жарыстан қайтып келе жатқан он жасар бірнеше бала жарты тәулік Ауыл бекетінде отырып, жол тазаланған соң аман-есен жеткізілді. Ауа райын зерттеушілердің мәліметі бойынша боран-шашынның жалғасатын түрі бар. Ендеше абайламаса болмайды.Оңдасын Елубай,«Егемен Қазақстан».Шығыс Қазақстан облысы.