• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Мамыр, 2019

Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметі бағаланды

1138 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшылығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының №1 Ақтау қалалық халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімін барып қарады.

Қызмет алушы халықтан қызмет көрсету сапасына қатысты ой-пікірлері тыңдалды.

Танысу нәтижесімен, жалпы ХҚКО-на оның ішінде электронды қызметтер орталығының қызметіне департамент басшысының да қызмет алушылардың тарапынан да оң баға берілді.

Себебі, электронды қызметтер орталығында қызмет көрсету жаңа форматқа көшірілген, техникалар мен жихаздары жаңартылған, бір сөзбен айтқанда қазіргі уақытта комфортты қызмет алу үшін барлық тұрмыстық жағдайлар жасалған.

Дегенмен, департамент басшысы тарапынан ХҚКО басшылығына сын-ескертпелер мен ұсыныстар да аталды.

Атап айтқанда, ХҚКО ғимараты жуырда жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін, бұрын департаментпен жолданып орналасқан көрнекті жерлердегі «Цифрлық агент» мобильді қосымшасы, қызмет көрсету сапасын шағымдану құқықтары мен департаменттің мекен-жәйы туралы мәліметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат материалдары алынып, қайта жаңғыртылмағанды бойынша ескертілді.

Сонымен қатар орталықта өз қызметтерін жүзеге асырып отырған «НҰР ЛТД» ЖШС өкілдерінің толық ашықтықты қамтамасыз етулерін оның ішінде, кассалық аппараттарын үнемі түрде пайдалануын қадағалауды ұсынды.

Бұдан басқа, кезектіліктің көп шоғырлануын болдырмау мақсатында, анықтама алу терминалдарын толықтай іске қосып, нұсқаушы операторлардың санын көбейту жөнінде де ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, қызмет алушылардың видео шағымдарына арналған арнайы орын бойынша насихат жұмыстарын күшейтуді ұсынды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Е. Байжігіт ұсыныстар мен ескертпелерді қатаң бақылауға алып, тиісті қызметкерлерге тапсырмаларды жүктейтіндігін жеткізді.