• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2019

Су қоймаларына 6 миллион шабақ жіберілді

1189 рет
көрсетілді

«Петропавл балық питомнигі» кәсіпорнының мамандары биыл су қоймаларын 46 миллион 282 мың балықпен толықтыруды жоспарлап отыр.

Оның алғашқы легі, атап айтқанда, 6 миллион сиг тұқымдас балықтың дернәсілдері Есіл өзеніне босатылды. Олар уылдырық түрінде әкелініп,  жарты жыл бойы «Вейса» аппараттары арқылы инкубациялық цехта өсіріліпті. Петропавл балық питомнигінің директоры Ержан Жұмабаевтың сөзіне қарағанда, бұл мақсат үшін республикалық қазынадан  42 миллион теңге бөлінген. Тасымалдауға арналған 59 полиэтиленді пакеттердің әрқайсысына 100 мыңдай шабақ салынып, оттегімен толтырылып, барлық үрдіс арнайы құрылған комиссияның бақылауында  болған.

 «Статистика бойынша балық питомнигінде өсірілген дернәсілдердің 30 проценті ғана аман қалады екен. Табиғи орта үшін да бұл қалыпты  көрсеткіш дейді» дейді Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім жетекшісі Ерлан Тәшімов.

 Ал қыркүйек айының соңында Петропавл балық питомнигінің қызметкерлері Есіл өзенінің су қоймаларына тұқы шабақтарын жіберуді бастайды. Мемлекеттік тапсырыс – 1 миллион 66 мың.

   Бұдан тысқары көлдерді жалға алған кәсіпкерлердің сұраныстары және бар.