• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2019

«Paper free», «Еgovkzbot» арқылы көлік құжаттарын алуға болады

1022 рет
көрсетілді

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры Ербол Байжігіт мәлімдеді.

Өңір тұрғындары үшін осы үш жыл ішінде мамандырылған ХҚО секторы, миграциялық ХҚО ашылған. Ақтау қалалық бөлімі жаңа ғимаратқа көшірілді. Атқарылған жұмыстармен қатар, филиал директоры Ербол Байжігіт бүгінде көлікті онлайн тіркеу, жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстыру, paper free, egovkzbot сияқты жаңашылдықтарды айтып өтті. «Бүгінде телеграм мен mGov қосымшаларындағы мемлекеттік қызметтерді бірретік құпиясөз арқылы алуға болады. Ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Облыс бойынша аталмыш базаға 473 мың адам тіркелген. Бұл дегеніміз сұранысқа ие бірқатар анықтаманы ХҚО-ға бармай-ақ алуға болады.