2019 жылдың 23 сәуірінде М.Е. Сұлтанғазиевтің төрағалығымен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің алқа мәжілісі өтіп, 2019 жылдың бірінші тоқсанының жұмыс нәтижелері қорытындыланды.
Бірінші тоқсанда мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер 104,5%, оның ішінде республикалық бюджет 101,3% және жергілікті бюджет 114,7% орындалды.
Мемлекеттік бюджет жоспары 1 978,5 млрд. теңгеге межеленсе, нақты түсім 2 066,8 млрд. теңгені құрап, 88,3 млрд. теңгеге артық орындалды.
Республикалық бюджет жоспары - 1 512,1 млрд. теңге, нақты түскені - 1 532,0 млрд. теңге, артық түскені – 19,9 млрд. теңге.
Белгіленген жоспар барлық аумақтық департаменттермен орындалған.
Салықтар мен кедендік төлемдерден қосымща түсімдердің межеленген жоспары 65,3 млрд. теңге құрайтынын ескерсек, осы жоспар артығымен 79,2 млрд. теңгеге немесе 121,3% орындалды.