• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2019

Түркістанда сауда орындары қала сыртына көшіріледі

1204 рет
көрсетілді

Түркістан қаласының сәулеті мен құрылыс жоспарларына сәйкес, сауда жүйесінің басым бөлігі қайта жаңғыртуды қажет етеді. Облыс орталығы аумағында жалпы 9 базар, 8 сауда қатары халыққа қызмет етуде. Оның ішінде, 5 әмбебап, 3 азық-түлік, 2 көкөніс және 7 азық-түлік емес тауарларды сататын базарлар мен сауда қатарлары бар.

Бүгінде қаладағы сауда қызметін реттеу жөніндегі амалдардың рет-тәртібі бекітіліп, бірқатар жұмыстар атқарылуда.  Қала сыртынан құрылыс материалдарын, киім-кешек, азық-түлік тауарларын саудалайтын базарлар үшін 50  гектар жер телімі белгіленген. Оның ішінде,  17 гектар – Қызылорда бағытынан, 15 гектар – Кентау бағытынан, 18 гектар – Шәуілдір бағытында. 

Бұл аймақтардағы жер телімдерін заңдастырып реттеу, Қызылорда және Шәуілдір бағытындағы жер телімдерінде орналасқан жер пайдаланушылар тізіміне сәйкес, мемлекеттік мұқтаждығы үшін қайтару жұмыстары жүргізілуде.  Ал, Кентау бағытындағы «Сауда кешеніне» белгіленген алаң толығымен бос болғандықтан, заманауи талапқа сай келетін сауда алаңын ұйымдастыру мақсатында, «Түркістан» ӘКК» акционерлік қоғамына «Сауда кешені» құрылысы үшін 15 га жер телімі тұрақты пайдалануға берілген.