• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2019

Сауль Альварес Дэниел Джейкобсты ұпай санымен жеңді

1120 рет
көрсетілді

Бүгін кәсіпқой бокстағы орта салмақтың қос жұлдызы мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Дэниел Джейкобс WBC, WBA және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізіп, мексикалық боксшы жеңіске жетті.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жек 12 раундқа созылып, жеңімпаз боксшының есімі төрешілер шешімімен анықталды. Үш төрешінің де басым дауысына ие болған (115-113, 115-113 және 116-112) мексикалық боксшы Сауль Альварес орта салмақтағы WBC, WBA және IBF белдігін иеленді.

Жекпе-жектен кейін сөз алған Альварес Головкинмен үшінші жекпе-жекті өткізуге қарсы емес екендігін айтты.

Бұл кездесуді тамашалауға отандасымыз Геннадий Головкин де барды. «Бұл жекпе-жек көрермендерге нағыз ләззат сыйлайтын «жан алысып, жан беріскен» айқас емес, тек екі боксшы арасында спарринг-жаттығу ретінде өтті», деді Головкин.