• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Мамыр, 2013

Айуаннан несі артық?!

256 рет
көрсетілді

Айуаннан несі артық?!

Сәрсенбі, 22 мамыр 2013 1:24

Облыстық ішкі істер депар­таменті қызметкер­­­­ле­рі­нің шектен шыққан бей­бастақ­тық­тары мен жауыз­дық іс-әрекеттері қарапайым жұртшылықты ашындырып бітті. Әбден зәрезеп болғандары соншалық, тәртіп сақшысын ана­дайдан көрсе болды, көмек сұрау­дың орнына тұра қашатынды шы­ғарды. Олардың қолымен жасалған қылмыстар адамның төбе шашын тік тұрғызып, құйқа тамырын шымырлатып қоя береді. Айта берсе, мысал көп. Жуырдағы сұмдық оқиға соның бір айғағы ғана.

Араққа сылқия тойып алған полиция формасындағы үшеу тиісерге қара таппай аласұрып тұрғанда Соколов ауылындағы мейрамхана алдында 24 жастағы Евгений деген мас жігітті көздері шалып қалады. Сірә, жол полициясы батальоны қызметкерінің оған деген ескі кегі есіне түсіп кеткен болу керек, әй-шайға келместен оны тарпа бас салады. Анау да тірі жан емес пе, барынша қарсыласып бағады. Бірақ көзі қарауытып, қаны қарайған «қызыл жағалы» алып та, шалып та жығып, машинаның багажына салған күйі Есіл өзеніне қарай тура тартады. Содан тұңғиық суға шым батырып жібереді.

Бүгінде олардың жаға жыртысын құдды кино көргендей қызыға тамашалаған Соколов ауылдық полиция бөлімінің екі қыз­меткері қамауға алынды. Адам өліміне тікелей себепші бол­ған қаныпезердің Астанада онко­логиялық диспансерде жатуына байланысты қатаң күзет қойылды.

Екі аяқты айуандардың құлақ естіп, көз көрмеген тағылық қы­лық­тары департамент басшыларын ел бетіне қарай алмайтындай масқаралады. Қатаң талап, берік тәртіп босаңсыған жерде есірік атпағанда қайтеді?

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.