• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 06 Мамыр, 2019

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытында республикалық деңгейде 25 жоба бар - Руслан Дәленов

1013 рет
көрсетілді

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

«Соңғы жылдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы инвестиция тарту ұлғайды. Бұл жалпы ішкі өнімнің өсуіне 0,2 пайыз деңгейінде үлес қосты. 1 мамырдағы жағдай бойынша жобалардың жалпы саны 1 285-ті құрайды, құны 2,9 трлн теңге. Оның ішінде 1,5 трлн теңге сомасына 548 шарт жасалды. Дайындық сатысында 1,4 трлн теңгенің 737 жобасы бар. Инвестиция көлемі жағынан ең үлкен жобалар көлік инфрақұрылымы, энергетика және телекоммуникация саласында іске асырылуда», деді  министр. 

Жобалардың көбісі білім беру, денсаулық сақтау, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мәдениет, спорт салаларына тиесілі.

«Республикалық деңгейде 25 жоба бар, оның ішінде 9 жоба бойынша шарт жасалды. Конкурс сатысында 2 жоба және жоспарлау деңгейінде 14 жоба қамтылды. Жасалған шарттар саны бойынша Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары және Алматы қаласы бірінші орында тұр», деді Руслан Дәленов.