• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2019

Түркістан облысының өнімдері Татарстанға экспортталады

953 рет
көрсетілді

«Mariana-Region» ЖШС көтерме-бөлшек сауда компаниясы Түркістан облысынан айына 500-600 мың тонна көкөніс сатып алуды жоспарлап отыр.

Татарстандық кәсіпкерлерді Түркістан өңіріне бастап келген  серіктестік басшысы Минатулла Хасангусейновтің айтуынша, компания «Magnit» және «X5 Retail Group» сияқты бөлшек сауда желілеріне жемістер мен көкөністерді жеткізумен айналысады. Компанияның жылдық тауар айналымы 1 миллиард рубльден асады екен.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиев қонақтармен Ордабасы ауданындағы «Адель» жылыжайында іскерлік кездесу өткізіп, екі жақты тиімді серіктестік орнатуға және облыс әкімдігі тарапынан тиісті шараларды қолға алуға дайын екенін жеткізді. Өңірде экологиялық таза өнімдерді көп мөлшерде жеткізуге мүмкіндік мол. Кәсіпкерлер үшін жұмыс істейтін 24/7 call-орталығы арқылы кез-келген мәселе шешіліп отырады. Өз кезегінде «Mariana-Region» ЖШС басшысы М.Гасангусейнов Түркістан облысымен әріптестік байланыс орнату айтарлықтай оң нәтижелерге жеткізетінін атап өтті. Өңірде халықаралық саудаға өте қолайлы жағдайдың жасалғанын жеткізді. Компания өкілдері Ресей Федерациясына көкөністер тасымалдау аясын кеңейту және Түркістан облысының шаруаларымен іскерлік байланыс орнатқысы келетіндерін білдірді. Тараптар көкөністердің сапасы мен өнім түрін сақтай отырып, кепілдендірілген көлемді үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ақпарат алмасып отыруға уағдаласты.

Сондай-ақ татарстандық кәсіпкерлер өңірдегі бірқатар шаруа қожалықтарды аралап, ондағы жылыжай кешендермен танысты. Қазіргі таңда логистикалық және экспортталатын өнімдерді сақтау шарттарына қатысты мәселелер шешілуде. «KazakhExport» басқарушы директор - Руслан Төлегенов кәсіпкерлерге тиісті көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.