• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
30 Мамыр, 2013

Бұл селқостық па, не?

703 рет
көрсетілді

Бұл селқостық па, не?

Бейсенбі, 30 мамыр 2013 2:47

Жақында Отанымыздың барлық мектептерінде күміс қоңырау соғылып, оқу жылы мәреге жетті. Сол соңғы қоңырауға арналған елордадағы бір білім ордасының салтанатты рәсіміне қатысқан едік. Ол есік алдындағы алаңда өтті. Тап-таза киінген үлбіреген ұлдар мен ақ бантигі желбіреген қызғалдақтай қыздар сап түзеп тұрды. Тәуелсіз Отанымыздың Әнұраны орындалғанда, оқушылар оң қолдарын кеудесіне қойып, жүздері бал-бұл жанып әуенге ілесті. Ұстаздар және ата-аналардың бір шоғыры оларға қосылды.

 

Бейсенбі, 30 мамыр 2013 2:47

Жақында Отанымыздың барлық мектептерінде күміс қоңырау соғылып, оқу жылы мәреге жетті. Сол соңғы қоңырауға арналған елордадағы бір білім ордасының салтанатты рәсіміне қатысқан едік. Ол есік алдындағы алаңда өтті. Тап-таза киінген үлбіреген ұлдар мен ақ бантигі желбіреген қызғалдақтай қыздар сап түзеп тұрды. Тәуелсіз Отанымыздың Әнұраны орындалғанда, оқушылар оң қолдарын кеудесіне қойып, жүздері бал-бұл жанып әуенге ілесті. Ұстаздар және ата-аналардың бір шоғыры оларға қосылды.

Бізді өкіндірген бір жай, мемлекетіміздің Әнұраны асқақ үнмен айтылған тұста кейбір азаматтар, оның ішінде өзіміздің қандас бауырларымыз да бар, мән бермей, қолдарын қусырынып, не артына қайыра ұстап, тіпті әңгімелерін жалғастыра берді.Осы арада тағы бір көріністі айта кетсек дейміз. Мектепке тиіп тұрған көше бойындағы мәшине иелері жол ережесін сақтамады деп, көлік нөмірлерін шешіп алып, қолтығына қысып жүрген МАИ қызметкері де Әнұран айтылып жатқанда, «қызметінен» танбады. Сонда ол көлік жүргізушілердің заңды бұзғанын біліп, Әнұран айтылғанда әр азамат бұлжытпай орындауға тиіс міндетті білмегені ме?Мұхиттың арғы жағындағы АҚШ жұрты, түбі бір түркиялық бауырларымыз мемлекетінің ән­ұра­ны айтылғанда, оған көрсе­те­тін құрметтерінің ерекше еке­нінен неге сабақ алмаймыз? Түр­киялық туыстармен  тілдес­сеңіз, әнұранның сөзі қалай қабыл­данғанын көздеріне жас ала отырып еске түсіреді.Осындай рухтың күштілігі біздің санамызға әлі күнге дейін неге орнықпайды екен деген ой мазалайды. Мұның арғы жағында кешегі бодандық заманның қалдық сызынан арыла қоймаған құлдық құрдымы жатыр ма? Әлде кең етек құнытсыздығымыз желкеден тарта бере ме?Бұл кейбіреулер үшін жай нәрседей көрінер. Шындығына келгенде, Әнұранымыз – төрткүл дүниеге үнімізді жеткізетін мем­ле­кетіміздің мерейлі ұраны емес пе?!Біз ойлары таза, бойлары кір­шік­сіз бүгінгі жас ұрпаққа мұны қазір ұғындырмасақ, күні ер­тең олар әлгіндей тірлігімізге қа­рап, Әнұран айтылғанда солай тұ­ра берсек те болады екен ғой демесіне кім кепілдік береді? Ән­ұран естілгенде Қазақ елінің әр азаматы, қайда жүрмесін, оң қо­лын кеудесіне апарып, бір минут тіке­сінен тік тұрса, бұл елдігімізді, елге деген сыйымызды көрсетеді. Әлгі заңдылықты қорғап жүрген МАИ қызметкері жұмысын бір минут тоқтата тұрып, Отанының Әнұраны алдындағы парызын өтесе, шұбырып жатқан өзге қала тұрғындары да оған қарап бой түзері күмәнсіз. Ендеше, біз өзіміз үшін емес, Отан-анасын, Әнұранын тікелерінен тік тұрып сыйлаған ұрпақтың кіршіксіз ойына қылау түсірмеудегі адалдығымызды, азаматтығымызды танытсақ ұтыл­мас едік. Қаулап өсіп келе жатқан жастарға елдік рәміз­дері­мізді құр­меттеуді өзіміз үлгі болып үй­ретсек, ізет, ілтипатымызбен кө­рін­сек, тәуелсіздігіміз мәңгілік ел болу идеясына ұласа бермек.

Сүлеймен МӘМЕТ,«Егемен Қазақстан».