Сейсенбі, 4 маусым 2013 1:22
Жамбыл облысында тағы бір жантүршігерлік оқиға болды. 30 мамыр күні арақ ішкен ерлі-зайыптылардың арасында туындаған ұрыс-керістің соңы төбелеске ұласып, ол кісі өлімімен аяқталды.
43 жастағы О. деген азамат мастықтың «буымен» әйелінің жүрек тұсына асүй пышағын сұғып алған. Ауыр жарақат алған әйел сол жерде көз жұмды.

Тараз қаласы ІІД екінші бөлімінің полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті көп ұзамай ұсталып, қылмысын мойындады. Оған ҚР ҚК 96-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.