Бір аптаға созылған жарыс нəтижесі бойынша командалық есепте Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы (5 алтын+1 күміс+2 қола) бірінші орын алды. Екінші сатыға Маңғыстау облысы (2+1+1) жайғасты. Үшінші орында - Түркістан облысы (1+1+2).
Финалдық сайыстар мынадай нəтижелермен аяқталды:
49 кило: нұр-сұлтандық Асхат Жүсіпов түркістандық Жомарт Ержанды еңсерді.
52 кило: түркістандық Сəкен Бибосынов солтүстікқазақстандық Евгений Павловты жеңді.
56 кило: маңғыстаулық Нұрбол Қалжанов нұр-сұлтандық Ілияс Сүлейменовтен айласын асырды.
60 кило: маңғыстаулық Саматəлі Төлтаев шығысқазақстандық Əділет Құрметовты қапы қалдырды.
64 кило: алматылық Ділмұрат Мижитов талдықорғандық Нұржан Мақашбаевтың осал тұсын тапты.
69 кило: ақмолалық Талғат Шəйкен павлодарлық Аятолла Тəкежановқа тізе бүктірді.
75 кило: нұр-сұлтандық Тимур Нұрсейітов шығысқазақстандық Ермек Жəпековті ұтты.
81 кило: нұр-сұлтандық Нұрбек Оралбай маңғыстаулық Ерік Əлжановтан басым түсті.
91 кило: нұр-сұлтандық Айбек Оралбай қызылордалық Оңталап Рахмановтан айласын асырды.
+91 кило: нұр-сұлтандық Нұрболат Сермаханов ақтөбелік Сержан Сейтімбетовке сан соқтырды.