• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Мамыр, 2019

ҚХА жаңаөзендік жалғыз ардагерді құттықтады

1474 рет
көрсетілді

«Жеңіс үшін рахмет!» деген ұранмен Маңғыстау облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы Жаңаөзен қаласы бойынша өкілі Ерлан Қалиев мен №1 Жаңаөзен қалалық емханасы және Жаңаөзен қалалық салауатты өмір салтын насихаттау орталығы басшылығымен, сондай-ақ дәрігерлермен бірге Жаңаөзен қаласындағы жалғыз ҰОС ардагері Еңсегенов Кеңесбайдың үйіне барып, көңілін сұрап, жеңіс күнімен құттықтады.

 - Бүгін біз Ұлы Отан соғысы ардагері Еңсегенов Кеңесбай атамызға гүл шоқтарын алып, арнайы жеңіс күніне деп «Жеңіс үшін рахмет!» деп аталатын кәдесыйымызды табыстадық. Бұл кісілерге сый-сияпаттан бұрын ықылас пен жылы ниет, аман-саулық сұрасқанның өзі бір ғанибет, - деді Ерлан Қалиев.          Бейбіт өмір жолында күрескен ардагерлердің саны жыл өткен сайын азайып барады. Жаңаөзендік ҚХА өкілі ардагердің қал-жағдайымен тек мерекеде ғана емес, былай күндері де барып біліп, әңгіме-дүкен құруды әдетке айналдырған. Ал, бүгінгі кездесу ерекше болды. Дәрігерлер ардагердің қан қысымын өлшеп, оған дәрілер мен дәрумендерді сыйға тартты. Сонымен қатар, ҰОС ардагеріне гүл мен азық-түлік пакеті тапсырылды. Берлинге дейін барып, бірнеше орденге кеудесі толған Кеңесбай Еңсегенов жастарға өзінің аталық ақ батасын берді.

Маңғыстау облысы