• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Руханият 13 Мамыр, 2019

«Astana Мusical» Қызылордаға келді

925 рет
көрсетілді

«Astana Musical» Мемлекеттік театры Қызылорда қаласына гастролдік сапарымен болды. Театрдың жаңа туындылары жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Astana Musical» Мемлекеттік театрының әкімшісі Жұмажан Жұлқаш баяндап берді.

Н.Бекежанов атындағы қазақ музықалық драма театрында үш қойылымнан тұратын «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі, «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы және «Шәмші» мюзиклі қойылды.

«Astana Musical» Мемлекеттік театрының басты ерекшелігі - шығармашылық құрамының жүз пайызы жастардан құралған.

- Құрылғанына үш жыл болған жас театр осы күнге дейін «Қыз Жібек» мюзиклімен Берлин (Германия) – Париж (Франция) – Вена (Австрия) -Брюссель (Бельгия) - Мәскеу (Ресей) бес мемлекетке гастрольдік турне жасады. Қазақстанның көптеген облыстарында гастрольдік сапарларда да болып, өнерсүйер қауымның ықыласына бөленді,-деді Жұмажан Амандықұлы.