Елімізде бастау алған BIRGE жалпыұлттық акциясы аясында ел халқының ұсыныстары мен тілектері кандидаттың сенімді өкілдері арқылы жиналатын болады. «Бұл акция Қазақстанның одан әрі табысты дамуына, Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытының сабақтастығы аясында атқарылады», деді Ұласбек Сәдібекұлы.
Акция аясында сенімді өкілдер сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін кандидаттың тиісті облыстағы, аудандағы, қаладағы қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы, мобильдік үгіт топтарының жұмыстары кезінде қабылдайды. Сондай-ақ «Есіктен есікке» акциясы аясында және сайлаушылармен кездесулерде партия белсенділері мен кандидаттың сенімді өкілдері арқылы арнайы парақшаларда жиналатын болады. Штаб төрағасының айтуынша, әрбір ұсыныс, тілек талданып, Қазақстан Республикасының Президенттігіне Nur Otan партиясының атынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды жүзеге асыру жолында ескерілетін болады. Акция 13 мамыр мен 7 маусым аралығында өткізілмек.
Жиын соңында Ұласбек Сәдібекұлы Түркістан облысының тұрғындарын BIRGE жалпыұлттық акциясына белсенді түрде қатысуға шақырды. Ал белсенді жастар халық көп шоғырланған орындарда тұрғындардың ұсыныс-тілектерін жинады.