• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Мамыр, 2019

Таэквондо: Алғашқы күні жүлде бұйырмады

859 рет
көрсетілді

Англияның Манчестер қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақстанның таэквондошылары жеңіс тұғырына көтеріле алмады.

46 кило салмақтағы Айнұр Уашбай тұсаукесер кездесуінде ирандық спортшыға есе жіберсе, 73 кило салмақтағы Жансел Дениз екінші кезеңде испандық даян шеберіне жол берді. Осы орайда, Түркияда, қоныс аударып келген қазақ қызы айтулы жарыс қарсаңында аяғынан жарақат алғанын айта кеткен жөн. Соның салдарынан Тұманды Альбион елінде Жансел кеңінен көсіле алмады. Ал 58 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Елдос Ысқақ үшінші айналымға дейін жетті. Ол Мексиканың өкілінен ұтылды.

Бүгін тағы үш жерлесіміз жарыс жолына шықты. Олар – Самат Темірхан (54 кило), Нұрсұлтан Мамаев (68 кило) және Мереке Жүнісова (+78 кило).