Азаматтардың сұрақтарына Департамент басшысы Қ. Таймерденов бастаған департамент басшылығы, сондай-ақ Әкімшілік полиция, Жергілікті полиция және Көші-қон қызметі, Кадр саясаты қызметкерлері, "Нұр Отан" партиясы өкілдері жауап берді.
Азаматтар өтініш білдірген негізгі мәселелер - көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, азаматтық алу, қала жолдарындағы таңбаларды жаңарту және әкімшілік айыппұлдарды төлеу.
Тиісті баннерлермен белгіленген арнайы жабдықталған автобустармен жүргізілген акцияға жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінің ресми парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Азаматтарды қабылдау облыстың барлық аудандары мен қалаларында өтуде.
Екікүндік шараға 1000-нан астам азамат келді. Сонымен қатар 34 30 60 "қауырт желі" жұмыс істеді.
Сондай-ақ, шара аясында Ақтау қаласы Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары 2 және 3 шағын аудандардың тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.
Маңғыстау облысы