• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 20 Мамыр, 2019

«Батыр аса ұстамдылығымен таңдандырды»

1097 рет
көрсетілді

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің Ұлы Отан соғысы жылдарында 305 рет әскери тапсырмамен әуеге көтеріліп, 305 рет өліммен бетпе-бет кездескені көзі тірісінде-ақ аңыз болып тарады.
«Аспан адамы» атанған ға­жайып батырдың майдандағы ер­ліктеріне шолу жасасаңыз, адам ақылына сыймайтын мисти­калық оқиғаларға да тап келесіз. 

«Мінсіз ұшақ деген болмайды. Бірақ сен өз ұшағыңды жақсы көруің керек. Ол жансыз зат болса да, өз сүйіспеншілігімен саған жа­уап береді. Машинаның жаны сірі болды. Кейде қайта бергенде – оның бүтін, аман қалған бір жері жоқ, шұрқ-тесік жыртылғанын көре­сің. Ал бірақ ұшақ жұмыс істеп тұрады...» дейтін батырдың аспан­мен таласқан тағдырында қаншама тылсым жатыр. 

Ал бүгінгі сурет бізді Талғат Бигелдинов сынды біртуар қазақ­пен қайта қауыштырып отыр. 

– Бұл суретті 2000 жылдары түсірдім. Мен ол кезде облыс­тық «Сыр бойы» газетінің фо­то­тілшісімін. Облыс әкімі өткі­зетін жиналыстардың бірінен қал­маймын. Газет нөміріне күн­делікті сурет беремін. Облыс әкімі кезекті жиын өткізіп жатқан бо­латын, сол арада журналис­тер өзара сыбырласып жатты. Сөздерінен ұққаным, бірінші қа­баттағы Кіші залда Кеңес Ода­ғының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов отыр.

Мұнда облыс әкімінің Пар­ламент депутаттарымен кездесуі жүріп жатқан болатын. Сол жиналыстан шығып 5-6 журналиспен бірінші қабатқа келсек, Талғат ағамыз сөйлеп жатыр екен. Бірақ батыр қатысып жатқан жиында адам аз. Қоғамдық отырыс па екен, әлде ДОСААФ-тың жина­лысы ма, анығы есімде жоқ. Менің мін­детім – даңқты ба­тырдың өзі келіп тұрғанда, кадр түсіріп алып қалу. 

Бұл сәтті мен мәңгілік есіме сақтап қалдым. Талғат ағамыз бізді мінезінің байлығымен таң қалдырды. Менің қасымда тұрған орыс газетінің шала қазағы Тал­ғат ағамызға төтесінен сұрақ қо­йып: «Сіз Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын қалай ал­дыңыз?» – дегенде, қасында тұрған біздер де ыңғайсызданып қалдық.  Алайда Талғат ағамыз ашу­ланған да, күлгенде жоқ. Екі мәрте қалай «герои» болғанын түсіндіріп айтып берді. Басқа адам болса сол журналисті қуып жі­берер ме еді. Осы оқиғадан кейін батырдың өте мәдениетті, аса сабырлы кісі екенін білдік, – дейд­і қызылордалық фототілші Болат Омарәлиев. АЛМАТЫ