Облыстық біріншілік кубогіне ерлер командасынан құралған 11 команда қатысып, бақ сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынның тұғырына судьялар мен сот қызметкерлерінен құралған Маңғыстау облыстық соты қол жеткізді. Екінші және үшінші орындарды Маңғыстау облысы бойынша кірістер департаменті мен Қарақия аудандық әкімдігінің командасы өзара бөлісті. Жеңіске жеткен командалар арнайы дипломмен, кубоктармен марапатталды. Әр топтық құрамада шебер ойын көрсетіп, оқ бойы оза шапқан бірнеше ойыншылар іріктеліп, республикалық жарысқа жолдама алды. Олар мемлекеттік қызметшілер күніне орай Павлодар қаласында өтетін республикалық жарыста бірігіп, бір командада Маңғыстаудың намысын қорғайды.
Маңғыстау облысы