• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Мамыр, 2019

Алматыда алғаш рет «Manage Pain Қазақстан» конгресі өтті

920 рет
көрсетілді

Алматыда алғаш рет әртүрлі ауырсыну синдромдарын диагностикалау және емдеу мәселелеріне арналған «Manage Pain Қазақстан» атты Халықаралық пәнаралық конгресі өтті.

ДДСҰ мәліметі бойынша созылмалы ауырсыну сезімі жер бетіндегі ересектердің үштен бірінің жанына батады. Ал бүкіл әлемдегі халықтың 14%-ы орташа есеппен 18 сағатқа созылатын бас сақинасымен ауырады. Сондықтан көптеген дамыған елдер созылмалы ауырсынуды өз алдына бөлек бір ауру ретінде мойындап, қазір альгология немесе  pain management (ауырсыну сезімін басқару) деп аталатын арнайы дәрігерлік мамандық пайда болды.

Конгреске шақырылған спикерлердің бірі – «Қазақ үздіксіз медициналық білім беру университеті» АҚ травматология және ортопедия кафедрасының доценті, медицина ғылымының кандидаты, жоғары санаттағы травматолог-дәрігер Қайрат Оразалиев жыл сайын әртүрлі ауырсыну түрлерімен бетпе бет  келетіндігін айтады. Бұл ауырсыну сезімі науқастың белсенділігіне, өмір сүру сапасына ғана емес, сонымен бірге, әлеуметтік өміріне, отбасындағы қарым-қатынасқа, айналасына кері әсерін тигізіп жатады.

«Біз ауырсынуды басатын тиімді дәрілік заттарды шығаратын, жолға қойылған өндірістің Қазақстанда бар екендігін мақтан тұтуымыз қажет. Фармацевтикалық индустрия жылдам қарқынмен дамып, SANTO компаниясы көп сатылы емді жүргізу үшін таблеткалар, капсулалар, инъекциялар, жабыстырғыштар түріндегі препараттардың кең түрлерін ұсына алатындығына қуаныштымын», – дейді Қайрат Оразалиев мырза.

Осы тұста дәрігерлер науқастардың өз бетінше ем жасауы, дәрілерді дұрыс қабылдамауы және жағымсыз салдардың туындауы сынды мәселелерге тап болып отыр. Бас сақинасы туралы айтар болсақ,  әлемнің 101 елінде жүргізілген жаһандық зерттеулерге сәйкес бас сақинасымен ауыратындардың 50%-ға жуығы өз бетінше ем жасайды, тағы 5%-ы баламалы емдеу тәсілдеріне жүгінеді. Сондықтан дер кезінде диагностика жасау, ауырсынудың себептерін анықтап емдеу – назар аударуға тұратын және жаңа емдеу тәсілдемелерін қажет ететін аса өзекті мәселе.

«Manage Pain» («Ауырсыну сезімін басқар!») жобасы – Ауырсынуға қарсы күрес жөніндегі Еуропа лигасының (EULAP), Пәнаралық медицина қауымдастығының (АММ) және Ресей Денсаулық сақтау министрлігі И.М.Сеченов атындағы тұңғыш Мәскеу мемлекеттік медициналық университетінің бірлескен білім беру жобасы. Ал Қазақстанда өткен алғашқы конгреске SANTO компаниясы бас демеушілердің бірі ретінде ат салысты.

Жобаны Алматыдағы конгресс кезінде Пәнаралық медицина қауымдастығының атқарушы директоры, профессор, И.М.Сеченов атындағы тұңғыш Мәскеу мемлекеттік медициналық университетінің жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі Алексей Данилов таныстырды. Сондай-ақ, травматология мен ортопедиядағы ауырсыну синдромдарын емдеудің ерекшеліктері жайлы SANTO атынан шыққан спикер, жоғары санаттағы травматолог-дәрігер Қайрат Оразалиев баяндама оқыды.

   АЛМАТЫ