Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Назарбаев Университетінің» қазіргі даму барысы және жоғары оқу орнының түлектеріне бесінші рет диплом тапсыру рәсіміне дайындық жұмыстары туралы мәлімделді.
– Бізде халықаралық деңгейдегі университет болады дегенге көбісі сенбеп еді. Міне, көп жылдан бері осындай университеттің ректорысыз. Жоғары оқу орнының зияткерлік әлеуеті – оқу орнының деңгейін көтеріп жатқан ғалымдар бар. «Назарбаев Университеті» Қазақстанның брендіне айналды, – деді Елбасы.
Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тапсырма берді.