• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2013

Кезек Саакашвилиге де келген сияқты

350 рет
көрсетілді

Кезек Саакашвилиге де келген сияқты

Бейсенбі, 10 қаңтар 2013 7:40

Грузияның үкіметтік емес ұйымдары қазіргі президент Михаил Саакашвилиді мерзімінен бұрын отставкаға кетіруге қатысты бір миллионнан астам қол жинаған. «Коммерсанть»басылымы осылай жазады.

 

Бейсенбі, 10 қаңтар 2013 7:40

Грузияның үкіметтік емес ұйымдары қазіргі президент Михаил Саакашвилиді мерзімінен бұрын отставкаға кетіруге қатысты бір миллионнан астам қол жинаған. «Коммерсанть»басылымы осылай жазады.

Басылымның келтірген мәліметтері бойынша, қазіргі кезде қол қойылған тізімдегілердің аты-жөні тексеріліп жатыр. Бұл мәселе М.Саакашвилидің партиясы парламенттік сайлауда жеңіліс тапқаннан кейін айтыла бастаған еді. Ал Грузияда президенттік сайлау 2013 жылдың күзінде өтуі тиіс болатын. Елдегі саяси ахуал, сондай-ақ президентке қарсыластар сайлауды ертерек өткізуге кіріскен сыңайлы.

Түрмедегілер құқығы үшін

Адам құқығы жөніндегі Еуропа соты Италия үкіметіне сотталғандардың тар камераларда тұрып жатқандығына байланысты 100 мың еуро көлемінде айып салды. Бұлжөнінде «Ассошейтедпресс»агенттігіхабарлады.

Сот қаулысына қарағанда, елдегі бірқатар түрмелердің жағдайы қиын, адам құқығы аяқасты етілуде. Тұтқындарға зорлық-зомбылық көрсету әлі де бар. Әсілі, әрбір жазасын өтеушіге 9 шаршы метр орын қажет екен. Ал Италия түрмелерінде ол үш шаршы метрден келеді. Осы елдің әділет министрлігі соттың бұл шешіміне қазірге нақты мәлімдеме жасаған жоқ.

Бір аптада екінші рет

АҚШ-тың «Бостон» әуежайынан ұшып шыққан «Боинг-787» жаңа ұшағы төтенше жағдай салдарынан әуежайға қайта қонуға мәжбүр болды.Ақпаратагенттіктерініңхабарлауынша,Токиоғабеталғанұшақтыңқайтаоралуынажанармайдыңтамшылауысебепболған.

Бортында 178 жолаушы және 11 экипаж мүшесі бар ұшақ ұшу-қону алаңында тұрған кезде, жанармай тамшылағанын байқап қалған өзге әуе кемесінің ұшқышы дереу хабарлаған. Ұшақ уақытынан төрт сағат кейін ұшқан. Осының алдында, яғни 7 қаңтарда дәл осы әуежайда «Боинг-787» ұшағында өрт шығып, ондағы жолаушылар қауіпсіз жерге көшірілген еді. Аталған үлгідегі жаңа ұшақта жанармай тамшылауы бір аптаның ішінде осымен екінші рет қайталанып отыр.

 

Қысқа қайырып айтқанда:

lКандагар халықаралық әуежайында пәкстандық авиако­м­па­ния­сының ұшағы ұшар кезде зымыранмен атқыланды.Жолаушыларменэкипажмүшелерізардапшеккенжоқ.

lБелоруссияда 2012 жылдыңқорытындысыбойыншаинфляция 20пайызданасып, 21,8 пайыздықұраған.

lҚырғызстанныңОшоблысындажергіліктітұрғындарменҚытайкомпанияларыныңжұмысшыларыарасындатөбелесболды.Оған 100-денастамадамқатысты.

lАвстралиядағытұрғындарқалыңқоныстанғанОңтүстікУэльсштатындааптапыстықсалдарынанөрттоластамайтұр.Бірқатаржерлердеөрттісөндірумүмкінболмауда.

 

Дәрігерлер елге оралуына қарсы

Венесуэла президенті Уго Чавес 10 қаңтарға белгіленген президентті ұлықтау салтанатына қатыса алмайды. «Франс-пресс» агенттігінің хабарлауынша, елдің вице-президенті Николас Мадуро осы жөнінде Венесуэла парламентінде мәлімдеген.

Куба дәрігерлері емделіп жатқан Уго Чавесті жақын арада өз еліне оралуға тыйым салған. Осыған байланысты У.Чавесті ұлықтау салтанаты белгісіз мерзімге кейін шегеріліп отыр. Бұдан бірнеше күн бұрын оппозиция өкілдері егер Уго Чавестің ұлықтау салтанатына қатысуға денсаулығы көтермесе, жаңа президенттік сайлау өткізу туралы ұсыныспен шыққан еді. Венесуэла конституциясында осы мәселе де қарастырылған екен. Уго Чавес өткен жылдың қазанында президентікке қайта сайланған болатын.

«Ресей коммунистерінің» наразылығы

«Ресей коммунистері» ұйымы Ресей президенті Владимир Путиннен АҚШ құрамасын 2014 жылы Сочиде өтетін Қысқы Олимпиадаға қатысуға жібермеуді сұрады. «Известия» басылымының жазуынша, аталған ұйымның бұл өтініші «Магнитский заңына» қарсы жасалған қадам болып табылады.

Бұған Мемлекеттік дума депутаты, бұрынғы боксер Николай Валуев қарсылығын білдірді. Депутаттың мәлімдеуінше, «Ресей коммунистерінің» бұл әрекеті, олардың өзін-өзі көрсетуі үшін жасалған акция. «Магнитский ісінің Олимпиада ойындарына ешқандай қатысы жоқ». Атап өтейік, өткен жылдың 14 желтоқсанында АҚШ президенті Барак Обама «Магнитский заңына» қол қойған еді. Арада біраз уақыт өткенде осыған жауап ретінде Ресей президенті Владимир Путин де «Дима Яковлев заңына» қол қойған болатын.

Кашмир проблемасы тағы көтерілді

Үндістан билігі Пәкстанды осы өңірдегі даулы аумақ – Кашмирде үнділік екі әскери шекарашыны өлтірді деп айыптады. Бұл жөнінде Үндістан армиясының ресми мәлімдемесінде айтылған.

Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, 8 қаңтарда қалың тұманды пайдаланған пәкстандықтар үнділік шекарашылардың бақылау бекетіне жасырынып келген. Шекарашылар оларды байқап қалған. Арада жарты сағаттай атыс болған сияқты. Осының салдарынан үндістандық екі әскери қаза тауып, тағы екеуі жараланған. Пәкстан қарулы күштерінің өкілі олардың әскерилері ешқандай қарулы қақтығыстарға қатыспағанын алға тартуда. Осы аумақтық дау Үндістан мен Пәкстанның тәуелсіздіктерін алған 1947 жылдан бері жалғасып келеді.

 Интернет материалдары негізінде әзірленді.