Өңірде «Аманат» сайлауға бақылау жүргізу жөніндегі азаматтық платформасының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз-конференциясы өтті. Жиында «Аманат» азаматтық платформасының мүшесі, мобильдік капитаны Арман Ешмұратов ұйымның қызметі мен мақсаты жөнінде толық ақпараттар беріп, сайлаушылардың міндеттері мен талаптары жөнінде түсіндірді. Барлық бағыттар бойынша халықаралық ұйымдар, ОСК, жергілікті сайлау комиссиялары, Жоғарғы Сот, жергілікті атқарушы органдар, Бас прокуратура, кандидаттардың сайлауалды штаб-пәтері, БАҚ, ғылыми-сарапшылық қауымдастық және азаматтық сектордың өкілдерімен ынтымақтастық жасалған. Сайлау кезінде қандай да бір заң бұзушылықтар тіркелсе қайда хабарласуға болатыны жөнінде де кеңестер берілді. Жалпы, қоғамдық платформасының жұмысы 5 бағыт бойынша жүргізіледі. Теңдік бағыты қоғамдық бақылауға дайындық жүргізу кезеңі болып табылады. Саналы таңдау - бұл маңызды кезеңнің бірі. Сайлаушыларға сайлау науқаны жөнінде ақпараттарды беру мен олардың заңды құқықтарын түсіндіруге бағытталған. Әділдік бағытындағы мақсат - сайлау учаскелерінің жұмысын әлеуметтік желі арқылы сапасын көтеру, бақылау, ал келісім бағытында ақпараттардың барынша ашық әрі объективті болуын және азаматтар, журналистер, сарапшылар пікірін тыңдау шарттары қарастырылған болса, сенім бағытында қоғам мен мемлекеттік органдар ынтымақтастығын теңестіру көзделген.
Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар мен «Сайлаушылар блокноты» табыс етілді.
Маңғыстау облысы