• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2019

Жетісайлықтар қарқынды баудың жемісін жинай бастады

1014 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Жетісай ауданының бағбандары өрік бауынан алғашқы өнім ала бастады. «Арсенал-Сад» ЖШС-інің агрономы Ерлік Сәдібековтың айтуынша, өріктің бағасы келісіне 600 - 700 теңгеден босатылуда.

Атамекен ауыл округі Мақташы ауылында орналасқан «Арсенал-Сад» биыл12 гектарөрік алқабының әр гектарынан 20 тоннаға жуық өнім жинауды жоспарлап отыр. Серіктестіктің жалпы көлемі380 гектарқарқынды бауы бар. Оның 90 гектарын алма, 110 гектарын жүзім, 12 гектарын өрік, 168 гектарын шабдалы, шие, анар секілді жеміс-жидектер құрайды. 

«Біздің шаруа қожалық 2011 жылы380 гектаржерге бау еккен болатын. Алғашқы өнімдерімізді 2013 жылдан бастап ала бастадық. Бүгінде өріктеріміз пісіп, жетіліп тұр. Негізінен Қазақстанға жеміс-жидек түрлері көбінде шетелден тасымалданады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қолға алған ісіміздің бүгінде жемісін көріп отырмыз. Мәселен, бізде өріктің бір келісі базарлар мен сауда орындарында 600-700 теңге көлемінде саудаланып жатыр», - дейді Е. Сәдібеков.