• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2019

«Батыс» ӨңҚ «Әскери Альпиниада-2019» сайысына дайындалуда

969 рет
көрсетілді

«Батыс» ӨңҚ үздік әскери бөлімшелері Бас штабы бастығының кубогына өтетін «Әскери Альпиниада – 2019» сайысына дайындықтан өтуде. Бұл жарыс ҚР Қарулы Күштерінің таулы (альпілік) бөлімшелері арасында өткізілуде.

– Сабақтар  полигонда және қала ішінде өткізілуде. Байқау Алматы және Жамбыл облыстарының аумағында өтуде және 4 кезеңнен тұрады. Мәтібұлақ полигонында таулы атқыштар практикалық оқ атулар мен жаралыны тасымалдау арнайы тапсырмасымен қарсыластың нысандарын іздестіруді жүргізуі тиіс. Байқаудың ең күрделі кезеңі Сол Талғар шатқалында өтеді. Онда әскери қызметшілерге тау шыңдарынан төтелеп жүріп, биіктігі 4376 м құрайтын Нұрсұлтан шыңын бағындыруға тура келеді,– деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов.

Команда құрамы саны 12 адамнан құралған бір топты қамтиды. Байқаудың іріктеуі мен дайындығы таулы дайындық бойынша тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілік етуімен өтуде.

Аталмыш байқау қару-жарақты, арнайы альпинистік мүлік пен жауынгерлік қолдануға керек-жарақты дайындауда жеке құрамның білім мен машығын, сондай-ақ таулы жерде әскери қызметшілердің тапсырмаларды орындауға әзірліктерін тексеру мақсатында ұйымдастырылды. Байқау барысында әскери қызметшілер альпинистік керек-жарақты қолдана отырып, күрделі климаттық және географиялық жағдайлардағы практикалық жұмыстың дағдыларын игере алады.

Маңғыстау облысы