• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Мамыр, 2019

Ақтауда «Ралли Қазақстан - 2019» додасы басталды

898 рет
көрсетілді

27 мамырда Каспий теңізінің жағалауында Халықаралық Автомобиль Федерациясының (FIA) ралли-рейдтен «Ралли Қазақстан 2019» Әлем кубогінің төртінші кезеңі басталады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Автомотоспорт Федерациясының баспасөз агенттігі хабарлады.

Ақтаудан бастау алып, осы қалада өз межесіне жететін жарыстың жалпы қашықтығы 2500 шақырымнан асады. Қазақстандағы дода биылғы әлем біріншілігінің ең қашық кезеңі болып табылады. Автошабандоздар алты күн бойы Маңғыстау өлкесінде тас пен құм, сор мен жолсыз даладағы сайыста өз бағын сынамақ. Әлем автоспорты үздіктерінің сайысы Қазақстанның батысында 1 маусымға дейін жалғасады.

«Ралли Қазақстан 2019» додасына ішінде Бельгия, Бразилия, Германия, Катар, Испания, Италия, Нидерланды, Португалия, Ресей, Сауд Арабиясы, Словакия, Түркменстан, Чехия, Чили және Франция елдері бар – барлығы 17 елден 28 экипаж қатысуға ниет білдірген. Олардың ішінде. Қазақстанның намысын раллиде бірнеше спорттық экипаж қорғайды.