• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2013

«Шоқпар-2013»: оқу-жаттығуы басталды

316 рет
көрсетілді

«Шоқпар-2013»: оқу-жаттығуы басталды

Бейсенбі, 28 наурыз 2013 1:15

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері жедел-тактикалық командалық-штабтық «Шоқпар-2013» жаттығуын өткізуге кірісті. «Оңтүстік» және «Астана» өңірлік қолбасшылықтарының құрылымдары мен әскери бөлімдері, Аэроұтқыр әскерлері толық жауынгерлік әзірлікке келтіріліп, Жамбыл облысы Гвардейск гарнизонының «Мәтібұлақ» полигонына аттанып кетті.

Аталған жаттығуға 4,5 мыңнан астам әскери қызметші мен 400-ден астам жауынгерлік техника тартылған. Оған мотоатқыштар, танкистер, артиллеристер, десантты-шабуылдау­шылар және арнайы бөлімшелермен бірге армиялық авиация да қатысатын болады.

«Шоқпар-2013» жаттығуының ерекшелігі шартты түрдегі қарулы қақтығысқа қатысушы­­­­­лар екі жаққа бөлініп, шартты түрдегі жаумен ұрыс кезінде шешім қабылдауды, операцияны жүргізуді жоспарлауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, жаттығуға қатысушылар алда болатын іс-қимылдар туралы қандай да бір ақпараттан бейхабар.

Әскерлер өздерінің жауынгерлік тапсырмаларын белгіленген ауданға келгеннен кейін алып, жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлап, ұйымдастыруға кіріседі.

– Заманауи қарулы қақтығыстардағы әлемдік тәжірибеге сүйене отырып және Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің талаптарына сәйкес жаттығудағы негізгі күш әскерлерді бүгінгі күннің қауіп-қатеріне қарсы стандарттан тыс қимылдауға оқытуға бағытталып отыр, – дейді оқу-жаттығудың жетекшісі, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев.

«Егемен-ақпарат».