Бейсенбі, 4 сәуір 2013 2:13
Жақында Ақжайық ауданының орталығы – Чапаев ауылының жұртшылығы айтулы да ажарлы оқиға – «Радуга» славян мәдени бірлестігінің салтанатты ашылуына куә болды.Ауданда барлығы 21 ұлт өкілі тұрады, олардың 94 пайызы –түпкі жұрт. Орыс, украин, белорус, құмық, мордва, чуваш өкілдері де Отанымыздағы бірлікті, тұтастықты таусылмас бақыт деп біледі. «Жастар» мәдени-демалыс орталығы ғимаратының үлкен бөлігіне орналасқан «Радуганың» ашылуына жиналған көпшілікті аудан әкімі Нариман Төреғалиев құттықтады.

– Сан ғасырдан бері қазақтың кең даласына көптеген ұлт, ұлыстардың ұрпақтары келіп орнығып, бір-бірімен тамыр, дос болып, тату-тәтті өмір сүріп келе жатыр. Дархан көңілді, кең пейілді жұртымыз оларға құшағын ашты. Бұл – біздің тарихи қасиетіміз, өсіп-өркендеуіміздің басты негізі. Қазақстандағы достық пен бауырмалдық туының астына біріккен тұрғындардың қажырлы еңбегінің арқасында елімізді бүгін дүние жүзі мойындап отыр. Бұл, бірінші кезекте, түсіністіктің нәтижесі, – деді Жайық өзенінің қос қанатын алып жатқан үлкен ауданның басшысы.Орыс православие шіркеуі облыстық епархиясының өкілі Владимир Картяжников бірлестікке Орал және Гурьев архиепископы Антонийдің тілегін жеткізді. Қазақстан халқы Ассамблеясы аудандық бастамашы тобының мүшесі, «Радуганың» төрайымы Валентина Боричевская және сөз алған басқалар этномәдени бірлестік құрылуының мәні, әр қазақстандықтың отансүйгіштік, достық қасиеттері туралы әңгімеледі.Қалың қауым алуан ұлттың тұрмыс, еңбек құралдары, бұйымдары қойылған көрмемен танысты. Сахна төрінен Отан, бейбіт тірлік жайында әндер әуеледі.Болат ЕСҚАЛИЕВ, журналист. Батыс Қазақстан облысы.
Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН.