Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық серіктестер аясы да кеңейіп келеді.
«Жақында Иранмен еркін сауда туралы шарт күшіне енеді. ҚХР-мен ақпарат алмасу туралы шарттарға қол қойылды. Қазір Вьетнаммен, Сингапурмен, Египетпен, Сербиямен қарқынды келіссөздер жүріп жатыр. Осы келіссөздер біздің елдеріміздің экономикасы мен бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктерді аша отырып, нақты нәтижелерге алып келеді деп үміттенемін» деді ол.
Армения Премьер-Министрі өз сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы интеграциялық жобаны құрудағы айрықша рөлін атап өтті.
«Осыдан 25 жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы Еуразиялық интеграция идеясын ұсынды және 5 жыл бұрын ол іске асырылды. Армения үкіметінің мақсаты - Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамыту. Оны біздің халықаралық серіктестеріміз үшін неғұрлым тиімді және тартымды ету. Бүгінде біздің шешіміміз дамуға ықпал ететініне сенімдімін» деді ол.