• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Мамыр, 2019

Тәженге дейінгі жол құрылысы күзде аяқталады

766 рет
көрсетілді

Бейнеуден бастап Тәженге дейін салынып жатқан автомобиль жолының құрылыс жұмыстарын мердігер компания басшыларының айтуынша, қыркүйек айына дейін толық аяқтап, тапсырмақ. Бұл туралы аймақ басшысы Е.Тоғжановтың Бейнеу ауданына сапары барысында айтылды. Егер жол пайдалануға берілсе, ауыл халқына да мол мүмкіндік тіршіліктің жаңа бағыты пайда болады.

Ауданнан 85 шақырым қашықтықта орналасқан Тәжен ауылында 217 адам тұрады.

-Бұл ауылдағы ағайынның негізігі кәсібі мал шаруашылығы.   21 шаруа қожалығы тіркелген. 446 бас сиыр, 20 986 бас қой мен ешкі, 1 387 бас жылқы және 4 340 бас түйе бар. Ауылдың 5 азаматы жеңілдетілген пайызбен ауыл шаруашылығын қолдау бағыты бойынша «Атамекен» микро-қаржы ұйымы арқылы 21 млн теңге несие алса, бір азамат «Сыбаға» бағдарламасы арқылы қой өсіру үшін 6 млн теңге алды. «Бизнес 3 күнде» жобасы арқылы қолдау көріп, өз жұмысын бастаған 3 отбасы бар. Екеуі тігінмен айналысып, тігін цехны ашуда, біреуі ағаш бұйымдарын жасаумен айналысып отыр, деді келесі Ақжгіт ауылы туралыауыл әкімі Серік Қамысбаев. Кездесу кезінде ауыл тұрғындары облыс әкіміне елді-мекеннің дамуына қатысты ұсыныстарын айтып, ойларын ортаға салды.