• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2013

Ұйытқы

741 рет
көрсетілді

Ұйытқы

Жұма, 19 сәуір 2013 0:34

Халқымызда сүттің қоюланып, дәмі тіл үйірген шұбатқа айналуы үшін ұйытқы қолданады. Ал осы сөзді адамдар арасына «алып келсек», ісі мен сөзіне елді ұйытып, жаңашыл істерге бастамашы болып жүрген жандарды бейнелеуге қолданылады. Ақтаулық Раиса Маденова-Хван туралы осылай деуге болады. Маңғыстауда кәрістер көп емес, бар-жоғы 800-ге тарта. Олар түгелдей Ақтау қаласына қоныстанған. Алайда осы бір жылы жүзді, кішіпейіл де сыпайы халықтың ұлттардың өзара татулығына үн қосып, әр алуан шаралардың нақ ортасында ұйытқы болып жүретіні сүйсінтеді.

Жұма, 19 сәуір 2013 0:34

Халқымызда сүттің қоюланып, дәмі тіл үйірген шұбатқа айналуы үшін ұйытқы қолданады. Ал осы сөзді адамдар арасына «алып келсек», ісі мен сөзіне елді ұйытып, жаңашыл істерге бастамашы болып жүрген жандарды бейнелеуге қолданылады. Ақтаулық Раиса Маденова-Хван туралы осылай деуге болады. Маңғыстауда кәрістер көп емес, бар-жоғы 800-ге тарта. Олар түгелдей Ақтау қаласына қоныстанған. Алайда осы бір жылы жүзді, кішіпейіл де сыпайы халықтың ұлттардың өзара татулығына үн қосып, әр алуан шаралардың нақ ортасында ұйытқы болып жүретіні сүйсінтеді. Бәрінің бастамашысы – Раиса. Бір жылдары «Маңғыстауда кәріс жоқ» деген сөздер де құлаққа шалынып қалып жүретін, сөйтсек, оның себебі – істі лайықты үйлестіре білуде екен. 2006 жылы Ақтау қаласындағы кәріс этномәдени бірлестігіне басшылыққа келісімен Раиса іске белсене кірісті – биыл құрылғанына 21 жыл толатын бірлестіктің жұмысын аяғынан тік тұрғызды. Кәрістерді жиып, оларды шараларға қатыстырып, облыстағы алуан істердің басы-қасынан табылып, шаруаны шыр айналдырып әкетті.

–Қиын-қыстау замандағы басқа ұлттар секілді кәрістердің ұлан-ғайыр қазақ даласына қалай келгендігі, өздері аш болса да бір тілім нанды бөліп беріп, төріне отырғызған қазақ халқының мейірбандығы арқасында аман қалғандығы тарихтан белгілі. Біздің мақсатымыз – ұрпағымызға осы жақсылықты ұғындыру, оларды әрдайым өзара татулыққа шақыру. Сондай-ақ, заман талабына сай білім алып, сол білімді Отанымызды көркейтуге жұмсау қажеттігін ұғындыру. Ал ол Отан – тәуелсіз Қазақстан, – дейді Раиса.Р.Маденова-Хван Ақтау қаласындағы энергетикалық колледж директорының орынбасары болып қызмет етеді. Мамандығы ұстаз болғандықтан ба, жастар тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Әсіресе, кәріс этномәдени бірлестігіне келіп, төл халқының салт-дәстүрі мен тарихын, мәдениетін үйреніп жүрген жастар арасынан табылады. Раиса Игорь Ли, Николай Ким, Александр Ким атты жастарға үлкен үмітпен қарайды. Екеуі мектептің соңғы сыныбында, енді бірі шетел тілдері колледжінде оқитын үш жігіттің үшеуі де қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жатық сөйлейді, бірақ ана тілдеріне шорқақ. Аулада қазақ, орыс балаларымен бірге өскен олар ағылшын тілін мектептен, арнайы курстардан үйренген.Ақтаудағы кәрістер өзара ақылдаса келе, өткен жылы талантты үш ұлды ұлан жаз бойына Сеулге аттандырды. Таң самалы елінен тіл үйреніп, Ресей, Португалия, АҚШ-тан келген қандастарымен танысып оралыпты. «Өзге тілдерде сөйлесек, біреу-міреу түсініп қалар деп, өзімізге қатысты әңгімелерді қазақ тілінде айтатынбыз. Сеул – әдемі, үлкен қала. Бірақ, біз Қазақстанды, Ақтауды сағындық. Туған жердің қадірін шетте жүргенде білесің деген рас екен», деп әңгімелейтін көрінеді олар ұстаздарына.Олар Сеулде танысқан достарына қазақтың киіз үйі, домбыра, қазақтың ұлттық киімін киген кәдесыйлар мен әртүрлі суреттерді сыйға тартыпты. «Қазақстанды біз Назарбаев және Байқоңыр арқылы білеміз», деген достары естелік сыйлықтарды, әсіресе түнгі Ақтаудың суреттерін қызығушылықпен қабылдаған.Александр мемлекеттік тілге қатысты байқауда облыста жүлделі орынды иеленіп, Астанадан олжамен оралды. Ал гитарамен әр тілде ән салып, мың бұрала билей білетін Игорь жазу-сызуға да епті. Жуырда Астана қаласында өткен байқауда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетіне сынақсыз қа­былдануға сертификат алып келді. Жет­кін­шек жастар туралы ризашылықпен әңгі­мелеген Р.Маденова-Хван:–Жасыратыны жоқ, Кеңес Одағы кезінде көпшілік кәрістер ана тілінен айырылып қалды. Қазір жастарымыз бірнеше тілде ән салып, төгілдіре сөйлегенмен, ана тілінде бірде-бір ән білмейді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты өзге ұлттар секілді бізге де жоғалтқанымызды тауып, ұлттық құндылықтарымызды түгендеуге мол мүмкіндік берді. Қазір мәдени бірлестікте кәріс тілін, кәріс салт-дәстүрін үйрету бағытында белсенді жұмыстар жүріп жатыр, – дейді.Тегінен көріп отырғанымыздай, Раиса Маденова-Хван – қазақтың келіні. Жұбайы Мырзабай Маденов – Маңғыстауға белгілі жан. Он саусағынан өнер тамған отағасы облыстағы қуыршақ театрында бас суретші болып жұмыс істейді. Одан басқа, киім үлгілерін пішіп, сақина-сырға соғып ел құрметіне бөленген Мырзекең Раиса мен оның анасына ең алғаш кәріс халқының ұлттық киімін тігіп беріпті. Тату-тәтті тұрмыс құрғандарына 37 жыл толған Раиса мен Мырзабайдың отбасындағы екі қызы да қос-қостан жоғары білім алып, өз алдарына шаңырақ көтерген. Бірі ақтаулық қазақ жігітімен, бірі мәскеулік орыс жігітімен бас қосыпты. Екі қызды да қазақша құда түскізіп, сырға салдырып, бата беріп аттандырып, киіт жасап құда күткен көрінеді. Әсіресе, мәскеулік құдалардың қазақша жөн-жоралғымен қыз айттырып, құда күткені әсерлі болған. Бүгінде Мәскеуден кішкентай жиендері «Ассалаумағалейкүм, ата!» деп хабарласып тұрады. Ал қызы Жаннаның қазақша асқан еті мен пісірген бауырсағын, қазы-қартасын ата-енесі мен күйеуінің туыс­тары асыға күтіп, сүйсіне жейді екен.Отбасы жайлы күлімдей сөз саптаған Р.Маденова-Хван әңгімесінің соңын ел мен жердің тыныштығына, ұлттардың ауызбірлігіне, қиын-қыстау күндердің қайталанбауына тілек тілеумен аяқтады. Сәуір айының соңында Ассамблея мүшесі әрі «Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы» РҚБ АФ төрайымы ретінде маңғыстаулық делегация құрамында Астана қаласында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына аттанбақ. Жауапты жиынға қатысуды өзіне зор мерей санайтын ол сессияның ел бірлігін бекіте түсу үшін үлкен рөл атқаратынына сенімді.Үнемі өмірін қуанышқа толтырып, көңі­лін жаз жайнатып жүретін қағылез Раиса апай бізбен жылы жымиып қоштасты.Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».Маңғыстау облысы.