• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Маусым, 2019

Түркістанда туристерге арналған автобустар әкелінеді

964 рет
көрсетілді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қытайлық BYD компаниясының өкілдері арасында Түркістан қаласында шоғырланған тарихи-мәдени орталықтарға туристерді тасымалдау үшін экологиялық таза көлік ендіру мәселесі бойынша кездесу өтті.

Компания өңірге ұзындығы –12 метр, ал сыйымдылығы – 82 жолаушы болатын екі деңгейлі туристік электрлік автобус жеткізетін болды. Бұл автобустар BYD батареялары көмегімен жұмыс істейді және қуаты 200 шақырымға жетеді екен. Автобустар биылғы жылдың соңына дейін толық жеткізілмек. Кездесу барысында облыс әкімі жыл сайын қатары артып келе жатқан туристер мен зияратшыларға жасалатын қолайлы жағдайдың да жақсаруы қажеттілігін айтты. Өткен жылы Түркістан облысына 1,5 млн турист келсе, биыл бұл көрсеткіш 1,7 млн адамға жетеді деп күтілуде.

Сондай-ақ қос тарап арасында Түркістан облысы аумағында электрлік батареялар, күн панельдері және электрлік автокөліктер мен автобустар құрастыру бойынша өндіріс ашу жөнінде келіссөздер жүргізілді. BYD сарапшылары бұл жобаға қызығушылық танытып, нарық әлеуетін зерттейтін болды. Өз кезегінде, облыс басшысы қытайлық тарапқа өндіріске қолайлы жағдайлар жасалған арнайы экономикалық аймақ пен индустриалды аймақтардың бар екендігін айтып, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.