• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2019

Ербол Шаймерденовтің туған жерінде еске алу шаралары өтті

1118 рет
көрсетілді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын, журналист Ербол Шаймерденовті еске алу шаралары облыс орталығымен қатар туған жерінде де ұйымдастырылды.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде "Ақын жүректі қайраткер" атты дөңгелек үстел өтіп, оған Алматы мен Астанадан келген арнайы делегация мүшелері, өнерсүйер қауым, зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты.

Алқалы басқосуды СҚМУ-дің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы Ақмарал Ыбыраев кіріспе сөзбен ашып, алыстан келген мәртебелі қонақтарға сөз беріп отырды. Белгілі жазушы Қуаныш Жиенбай, ғалым Құдайберген Тұрсынов, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкері Сүлеймен Мәмет, марқұмның жан жары Күләш Қайыржанқызы, облыстық Жазушылар одағының төрағасы Жарасбай Сүлейменов, тағы басқалары Ерекеңнің ел үшін сіңірген зор еңбегі, қаламгерлік қуаты, қайреткердік тұлғасы жайлы естен кетпес әсерлі естеліктер айтып, әсіресе, тәуелсіздіктің елең-алаң шағы уақытындағы азаматтық болмыс-бітітіміне, күрескерлік тұлғасына жан-жақты тоқталды. Кітап көрмесінде Е. Шаймерденовтің әр жылдары жарық көрген кітаптары мен мақалалары топтастырылды.

Жиын соңында студенттер ақынның өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты. Қоғам қайраткерін еске алу шаралары Жамбыл ауданының орталығы Преснов кенті мен туған жері Жаңажол ауылында жалғасты.

Солтүстік Қазақстан облысы