• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2019

Солтүстік Қазақстанда Өзбекстан жәрмеңкесі өтті

856 рет
көрсетілді

Өзбекстандық кәсіпкерлер екі күн бойы облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырып, жұртшылыққа қолжетімді жеміс-жидек, көкөніс, бал өнімдерін,тоқыма бұйымдары мен қыш ыдыстарын саудалады.

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Құралай Жарованың сөзіне қарағанда жәрмеңкеге Хорезм облысынан азық-түлік тиелген ондаған жүк көліктері келіп,  арзан сатылымға шығарылған. Сәбіздің килосы 180, пияз 70, қызанақ пен қияр 550 теңгеден саудаланған. Дәмділігі тіл үйіретін қауын, қарбыз, шабдалы, өрік, шие  те қолжетімді бағамен ұсынылған. Бұдан бөлек түрлі киім-кешектер, қыштан, саздан жасалған ыдыс-аяқ, кәдесый бұйымдары көптеп  сатылған.

«Хорезм өңірінде жылына бір миллион тоннадай көкөніс пен жеміс өсіріледі. Теріскейлік жәрмеңкеге 55 мың тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдері әкелінді», дейді Хорезм облысы инвестициялар және сыртқы сауда бас басқармасының басшысы Анвар Давлетов. Келешекте инвестиция салуға, кәсіпкерлік салада қоян-қолтық жұмыс істеуге ниетті.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық аясында өзбек кәсіпкерлері  бірқатар келісім-шарттар жасасқан. Мәселен, шұлық өндіретін жергілікті «Matex» компаниясы балалар және мектеп киімін тігетін мата, жіп сатып алуға уағдаласқан. Облыс орталығында Хорезм сауда үйін ашу ойластырылып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы