• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2019

Ақтауда мемлекеттік қызметкерлер Әнұранды шырқады

978 рет
көрсетілді

Ақтауда мемлекеттік қызметкерлер бір мезетте және алғаш рет облыстағы ең үлкен тудың астында Мемлекеттік Гимнді шырқады.

Қазақстан Республикасының рәміздер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға облыс және қала әкімі, мемлекеттік қызмет ардагергерлері, облыс және қала әкімдігінің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Мерекелік алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталып, мемлекеттік қызметке жаңадан келген қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдады.

Мемлекеттік рәміздердің 27 жылдығына арналған шаралар кешке дейін жалғасады.